«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Айтуар Қошмамбетов: Күш біріктіріп, қала мен бизнесті қалпына келтіреміз

2022 жылғы 13 Қаңтар
- Алматы қаласы
13267 просмотров

 Бизнеске көмек беруге дайын қамқор кәсіпкерлер мен азаматтардың тізілімі, залалды бағалау әдістемесі бойынша ұсыныстар және бизнес субъектілері жұмысын жаңарту. Бұл туралы Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов айтты.

 Бірінші кезекте тиісті тергеу жұмыстары (қылмыс орнын қарау және саусақ іздерін белгілеп алу) жүргізілуі үшін құқық қорғау органдарына қоңырау шалу керек. Сонымен қатар айғақтарды өшіріп алмау үшін орынжай ішін жинамаған жөн: бүлінген заттар, тауар-материалдық құндылықтар, басқа да мүлікті орнынан қозғамау керек. Бұл шара тергеу органы саусақ іздерін белгілеп алуы үшін керек. Нысан ішін құқық қорғау органдары қарап болған соң бұл заттарды мүмкіндігінше жертөле, қосалқы бөлмелерге орналастыру қажет (мұны қолғап киіп, жасаған жөн).

 «Жаппай тәртіпсіздік кезінде мародерлар әрекетінен зардап шеккен бизнес нысанды полиция немесе басқа құқық қорғау органдары қараған соң Алматы кәсіпкерлер палатасына немесе аудандық әкімдіктерге келтірілген залалды өтеуге өтінім беру үшін төменде көрсетілген байланыс нөмірлері бойынша хабарласа алады», – деп ақпарат берді Палата директоры.

Бағалау мен өтемақы тәртібін барынша жеделдету үшін шағын және орта бизнеске келтірілген залалды бағалау әдістемесі бойынша жұмыс жүргізілуде. Тиісті ережені ҚР Үкіметі қабылдайды. Егер сізде әдістеме бойынша ұсыныстар болса, ақпаратты +7 701 700 00 76 WhatsApp нөміріне жолдауыңызды сұраймыз, жауапты маман Айдар Сасенов (Алматы қаласы ӨКП директоры орынбасарының м.а.).

 Ұлттық палатаның бастамасы бойынша бизнес-омбудсмен Үкімет, Бас прокуратура және Ішкі істер министрлігіне хаттар жолдады. Алматы қаласының прокуратурасы тергеу іс-шараларын жүргізуге – оқиға орнын тексеруге қосымша күш бөлді.

 «Бұл жұмысты «Атамекен» үйлестіреді. Бірінші кезекте құқық қорғау органдарын жұмысты тез арада бастауға дайын ұйымдарға бағыттаймыз. Бұл туралы бізге мына нөмірлерге хабарлауды сұраймыз:  +7 727 331 01 33;  + 7 701 242 29 47; жауапты маман Аскэрбек Насамбаев», – деп атап өтті Айтуар Қошмамбетов.

 Палата директоры Алматыда кәсіпкерлер тәулік бойы жұмыс орындарында жүрген дәрігерлер мен полицейлерді ыстық тамақ және азық-түлікпен қамтамасыз етуге көмектесіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, мұқтаж азаматтар үшін тамақпен қамту туралы өтінімдер келіп түсуде, сондықтан қаражат жинау жалғасып жатыр. 12 қаңтардағы жағдай бойынша еріктілер 180 адамға ыстық тамақ жеткізді.

 «Біз зардап шеккен адамдарға көмегі мен тауарын бергісі келетін қамқор азаматтар мен кәсіпкерлердің тізілімін жинақтап жатырмыз. Алматылық ниеттестік акциясын іске қосқымыз келеді, барша азаматтан ұсыныстар күтеміз», – деді палата басшысы.

 Тізілім бойынша жауапты маман: Алматы ӨКП бөлім бастығы Толқын Әбілдаева +7 701 503 00 22

Сонымен қатар заң консультанттары, адвокаттар мен заң компаниялары Алматы кәсіпкерлер палатасы базасында тегін қызмет көрсетуге ынта танытты. Жақын арада кәсіпкерлерді қабылдау кестесі жарияланады.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер