«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматыда кәсіпкерлерден форс-мажорға қатысты мыңнан аса қоңырау түскен

2022 жылғы 10 Қаңтар
- Алматы қаласы
11395 просмотров

 Алматылық кәсіпкерлер төтенше жағдай енгізілуіне байланысты форс-мажор туралы куәлікті ала алады.

 Форс-мажор – еңсерілмейтін күш жағдайы. Соның салдарынан келісімшарттық міндеттерді орындау мүмкін емес. Форс-мажорға стихиялық апаттар, эпидемиялар, шекаралардың жабылуы, ереуілдер мен диверсиялар, соғыс пен терактар, биліктің заңдық актілері жатады.

 «Форс-мажорлық жағдайлар бойынша өтінімдерді біздің әріптесіміз, әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Азамат Ботабаев жинайды. Қазіргі кезде интернет байланыс тұрақты жұмыс істемегендіктен сканерленген құжаттар электронды тасымалдауыш құрал немесе электронды мекенжайға қабылданады. Естеріңізге сала кетейін, 1432 – форс-мажорлық жағдай мәселелері бойынша немесе тікелей біздің қызметкерге хабарласуға болатын байланыс орталықтың нөмірі. Бүгін кәсіпкерлерден  200-ден астам қоңырау келіп түсті», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов.

 Форс-мажор туралы құжатты ҰКП жанындағы Қазақстанның Сыртқы сауда палатасынан алуға болады. Куәлікті алу үшін құжаттардың элекронды нұсқасын Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының почтасына  жіберу керек: info.cci.kz@gmail.com немесе online@atameken.kz.

 Құжаттарды қарау және куәлікті беру мерзімі – құжаттардың толық пакеті келіп түскен соң 15 жұмыс күні.

 Құжаттар қатарында:

1.Заңды тұлғалар үшін – тіркеу/ қайта тіркеу туралы анықтамамен қоса жазбаша өтініш, жеке кәсіпкерлер үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлама.

- ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы анықтама.

2. Келісімшарт, ерекшеліктер, қосымшалар, келісімшартқа қосымша келісімдердің сканерленген көшірмесі.

 Форс-мажор жағдайы бойынша қорытынды шығару үшін Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы қосымша құжат сұратуы мүмкін.

 Еске салсақ, форс-мажор компанияны келісімшарт бойынша барлық міндеттемені орындаудан босатпайды және серіктеспен жасалған келісім шарттың күшін жоймайды. Куәлік міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершіліктен ғана босата алады – яғни компаниядан шығындар, тұрақсыздық айыбы, өсімпұлдар, айыппұлдарды өндіріп алуға болмайды. Бизнеске арналған шектеу шаралары алынып тасталған кезде, компания өз міндеттемелерін келісімшартта көрсетілген мерзімде немесе басқа мерзімде орындауы тиіс.

 Анықтама ақпарат: +7-777-351-7171;  +7 702 403 2494 Азамат Ботабаев,  Алматы ӨКП.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер