«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Салық органы қызметкерлері кәсіпкерлер тарапынан сөйледі

2018 жылғы 24 Сәуір
- Шымкент қаласы
9635 просмотров

Палата мен Мемлекеттік кірістер департаментінің ОҚО-дағы бірлескен ынтымақтастығы фискалды органдарға деген сенімділікті арттыруда

Шымкенттік «М&H» ұн тарту компаниясы ыңғайсыз жағдайға тап болды. Өткен жылы ол қосымша құн салығын асырғаны үшін 28 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеп, салық бойынша берешектерін өтеген болатын. Бірақ жарты жыл өтпей жатып, салық органдары қызметкерлері қайтадан дәл осы бұзушылықты жою туралы хабарлама жасаған. Яғни, фирма тағы да 28 миллион теңге салық төлеуі қажет екен. Бұл жағдай кәсіпорынның құлдырауына қауіп төндірді. Кәсіпорын директоры қызметкерлерін төлемсіз демалысқа жіберуге де дайын еді. Ол өз құқықтарын қорғау үшін ОҚО кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

«Біз қарызды өтеу туралы хабарламаны негізсіз деп санаймыз, себебі кәсіпкер бұдан бұрын қарыздарын төледі және ОҚО Мемлекеттік кіріс департаментіне өз қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріп, жауапты тұлғаларды жазалау үшін тәртіптік шара қолдануды сұрап хат жолдадық», - деп атап өтті Палата сарапшысы Майя Исаева.

ОҚО Мемлекеттік Кірістер департаменті басшысының орынбасары Ғалымжан Орынов хатқа дереу жауап қайтарды: ол осы шағым бойынша өз кеңсесінде тексеру жүргізді. Өз қызметкерлерінің қателігін мойындай отырып, ол мемлекеттік кіріс органдарының негізгі міндеті салық пен кедендік төлемдерді жинау ғана емес, сонымен қатар табысты бизнес-ортаны қалыптастыру екенін атап өтті.

«Департамент ашықтық, әділдік қағидаттарына сүйеніп, Кәсіпкерлер палатасымен кез келген уақытта және кез-келген алаң форматында өзара әрекеттесуге дайын», - деп жазды ол өз хатында. - Қазіргі уақытта «M&H» ЖШС-нің жеке шоты ағымдағы жағдайға келтірілуде және бюджетке берешек жоқ.

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы Мемлекеттік кіріс бсқармасы бастығының бұйрығы бойынша, өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік бөлімінің бас маманы М. Русаковқа сөгіс берді. Бұдан басқа, осы бөлімшенің басшылығына бағыныштылардың қызметін бақылауды күшейту және осындай фактілердің жалғасуын болдырмау тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер