«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Салық жүйесінің істен шығуы салдарынан кәсіпкер 53 млн теңгеден қағыла жаздады

2020 жылғы 04 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
9364 просмотров

Шымкентте салық органдарының қызметкерлері кәсіпкерді екі ай бойы әуре-сарсаңға салған, нәтиже болмаған соң кәсіпкер Өңірлік кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінген

 «Галерея ЮГ» ЖШС сыртқы экономикалық қызметке қатысушы, компания құрылыс-әрлеу материалдарын экспорттап-импорттайды. 2020 жылдың қазан айында кәсіпкер ЭШФ шығару ережелерінің талаптарына сай ЭШФ көріммесін рәсімдеу туралы 2 өтініш жасаған. Нұсқаулыққа сәйкес салық органдары өтініш берілген күннен кейінгі бір күнтізбелік күннен кешіктірмей ұсынылған ЭШФ көшірмелерін және тауарларға арналған декларацияларды куәландыруға немесе оларды куәландырудан бас тартуға міндетті.

 «Бірақ екі ай бойы біз тауарды экспорттауға тыйымды немесе рұқсатты ала алмай отырмыз.  Мұндай жағдай Мемлекеттік кірістер басқармасының әкелінген тауар, сату айналымы, және экспорт күніне тауар қалдығы туралы ақпараты беретін бағдарламасы істен шығуы салдарынан орын алды. Шымкент қаласы Еңбекші ауданындағы Мемлекеттік кірістер басқармасына күнделікті бару, қоңырау шалу нәтиже бермеді. Бүгінде біз сатуымыз керек 52 млн теңге тұратын тауар қоймада бұғатталып жатыр. Барлық келісімшарттық міндеттемелер бұзылуда! Мұның салдары неге апаратынын білесіздер ғой – айыппұлдық санкциялар, өткізіп алған пайда, міндеттерді орындай алмау...», – деп атап өтті компанияның өкілі Валерия Мокринская.

 Шымкент қаласы ӨКП сарапшысы Майя Исаева бірден іске көшіп, «Атамекен» ҰКП орталық аппараты және ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарласып, салық басқармасының кәсіпкердің заңды құқықтарын бұзатын заңсыз әрекеттері туралы толық дәлелдер келтірді.

 «Еегер өкілетті органның бағдарламасы істеп шыққан болса, бұл кәсіпкердің кінәсі емес, ол үшін кәсіпкер моральді және материалды жауап бермеуі тиіс. Осындай мәселе орын алған жағдайда да басқа әдіс болуы шарт: егер автоматты түрде жасалмаса, деректерді қолмен тексеруге болады. Басқарма мәселе жайында комитетке бірден хабарлауы керек. Егер басқарма жоғарыдағы органға дер кезінде хабарласқанда 2 ай уақыт өтпес еді. Кәсіпкерге күнде ертең деп айтып келген», – деп атап өтті Майя Исаева.

Оның пікірінше,  кәсіпкерге қолдан кедергі жасалған. Ұлттық палата бұл мәселені бір күнде шеше алды.  

Атқарылған жұмыс нәтижесінде кәсіпкерге ресімделген құжаттар берілді әрі 53 млн теңге үнемделді. Дәл осындай сомада кәсіпкер материалдық пайдадан қағылар еді.

 «Галерея Юг» компаниясынан Кәсіпкерлер палатасына Майя Исаеваның атына алғыс хаты келді.

 «Өңірлік палатаға үлкен алғыс білдіреміз.  Майя Исаеваның кәсіпқойлығы, шұғыл әрекет етуі, табандылығы мен келіссөздер жүргізе білуі арқасында екі айға созылған біздің мәселе өте қысқа мерзімде шешілді », – делінген хатта.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер