«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев: Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өз назарын өңірлерге аударады

2014 жылғы 02 Маусым
- Шымкент қаласы
13292 просмотров

Бұл туралы бүгін ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында кәсіпкерлермен кездесу кезінде мәлімдеді.

Ол ҮИИДМБ-2 ҰКП қызметінің басымдықтарының бірі болып табылатындығын айтып өтті, сондықтан Үкімет те назарын өңірлерге аударып отырған Ұлттық палатаның тікелей қатысуымен жасалатын индустриалды дамудың өңірлік картасын қалыптастыру бойынша бастаманы қолдады. Оған келетін мысалдардың бірі Оңтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі болып табылады, онда Кәсіпкерлерге қызмет көрсету жөніндегі орталық ниет білдірушілердің барлығын қаржы және бизнесті қолдаудың өзге де құралдарымен қамтамасыз етеді. Дәл сол жерде шағын бизнес үшін салалар бойынша қысқаша талдау, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы өндіріс технологиялары, қажет жабдықтар тізбесі, өтімділік есептеулері берілген 100 үлгілік жоба дайындалған, яғни ол жобалар бойынша мәселелердің тұтас кешенінен тұрады.

«Оңтүстік Қазақстан облысында, шын мәнісінде, ісін бастаушы кәсіпкер, шаруа үшін, оның ісін ашу үшін ақпаратты меңгеруге, бастысы, оған арналған қаражатты қайдан және қалай алу керектігін білу үшін, кезең-кезеңімен сүйемелдеуді енгізген» - деп атап кетті Тимур Құлыбаев.

ҰКП Төралқа басшысы Ұлттық палата бастамашылық ететін және қолдау көрсететін бизнес пен биліктің тығыз өзара қатынас идеясының сенімін жоймас үшін, өңірлік даму институттарының басқару органдарына «тәжірибесі бар, беделді, білікті және ең бастысы адал адамдарды» қосуды ұсынды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер