«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қытайдың туроператорлары Зайсанға барды

2025 жылғы 06 Қаңтар
- Шығыс Қазақстан облысы
943 просмотров

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Зайсан филиалының бастамасымен Қытай Халық Республикасының Шыңжаң автономиялық округінің 35 адамнан тұратын делегациясының Зайсан қаласына сапары ұйымдастырылды.

Айта кетейік, 2025 жыл Қазақстандағы Қытай туризмі жылы, ал 2024 жыл Қытайдағы қазақстандық туризм жылы болып жарияланды.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының Зайсан филиалының директоры Қанат Әбдіғалиев айтып өткендей, қонақтар үшін Зайсан қаласымен танысу ұйымдастырылды.

«Өткен жылы Қытайдың туроператорларымен танысу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді, қонақтардың қызығушылығына, нарық қажеттілігіне талдау жүргізілді», - деп атап өтті Қанат Әбдіғалиев.

Қонақтардың сапары жаңа жылдық мерекелерге түскендіктен, туристер жаңа жылдық шыршаның жанындағы спектакльге қуана қатысып, аудандық Музейдегі тарихи жәдігерлермен танысып, Зайсанның көрікті жерлерін аралап, ұлттық тағамдардан дәм татты.

Ұйымдастырылған кездесуден кейін Қытай туроператорлары Зайсан ауданына делегаттар әкелуге дайын.

Туристердің айтуынша, қазақ халқы өте қонақжай, оларды жылы қарсы алды. Олар жаз мезгілінде саяхатшылар бұл аймақты одан әрі бағалай алатынына, оның табиғатымен танысып, тарихқа қол тигізетініне сенімді.

Бұл кездесу екі ел арасындағы мәдени және экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтатыны сөзсіз. Ал ынтымақтастық жемісті болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер