«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкент: Медиация және мемлекеттік органдардың әкімшілік қалауы түсіндірілді

2023 жылғы 28 Қараша
- Шымкент қаласы
10461 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында «Татуластыру рәсімдері және әкімшілік органның әкімшілік қалауын түсіндіру мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға Палата директоры Сабира Адамбекова, Шымкент қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Нұрдәулет Рахынбаев, қалалық соттардың судьялары, әкімшілік органдардың жетекшілері мен заңгерлері, құқық қорғаушылар, кәсіпкерлер қатысты.

Алғашқы сөзді алған қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Нұрдәулет Рахынбаев медиацияның маңызы, ол бойынша татуластыру тәртібі туралы қысқаша баяндап, медиация рәсімін барынша қолдануға шақырды.

Ал осы соттың судьясы Гүлжазира Қалдыбекова татуластыру рәсімдері мен әкімшілік органның әкімшілік қалауын толығырақ түсіндіріп берді.

«Әкімшілік қалау – ҚР Әкімшілік рәсімдік процестік кодексіне енгізілген негізгі жаңашылдықтың бірі. Әкімшілік қалау әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның ҚР заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерле заңдылығын бақылау негізінд ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттілігі дегенді білдіреді. Мемлекеттік органға әкімшілік қалаудың берілуі оны өз еріктерімен жүзеге асыруына болады дегенді білдірмейді. Әкімшілік орган, лауазымды тұлға әкімшілік қалауды ҚР заңнамасында белгіленген шектерде жүзеге асыруға міндетті», – деді судья Гүлжазира Қалдыбекова.

Жиында мемлекеттік орган жетекшілері мен заңгерлер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сот өкілдерінің жауабын алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер