«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

РЕФЕРЕНДУМДЫ КЕҢ АУҚЫМДА ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

2022 жылғы 30 Мамыр
- Шымкент қаласы
4954 просмотров

Конституциялық референдум өткізуге санаулы күндер қалды. Ел тарихындағы маңызды шараға әрбір қазақстандықтың қатысуы аса маңызды. Осы мақсатта бүгін Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев кіші бизнеспен кездесті: «Север» СҮ, «MIMI Kids» дүкені және сауда қатарлары.

Мақсатыкәсіпкерлермен тек бүгінгі буынның емес, болашақ кәсіпкерлердің де тағдырына тікелей әсер ететін референдумға қатысуға шақыру болып табылады.

5-маусымда өткізілетін Референдум Қазақстан халқына мол бостандық беруді мақсат етіп отыр. Соның негізінде Ата заңымыздың үштен бір бөлігіне өзгеріс енгізілетін болады. Соған сәйкес еліміздің ен байлығыжер, оның қойнауы, қазыналары халықтың меншігі екені заңмен екшелмекші. Осыған орай, бұл шарада кәсіпкерлер де алдағы маңызды күнге біркісідей қатысып, белсенділік таныту керектігін айтты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер