«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкенттегі жаңа қаулы: ШОБ-тың 48 пайызына шектеу қойылды

2021 жылғы 15 Шілде
- Шымкент қаласы
11492 просмотров

Шымкент қаласының бас санитар дәрігердің жаңа қаулысына қатысты бизнес өкілдерінде көптеген сұрақ туындады. Құжат жұмыс күндері жұмыс істеу уақытын шектейді және бірқатар нысандарға демалыс күндері қызмет етуге тыйым салады.

Қоғамдық тамақтану нысандары, базарлар, сауда ойын-сауық орталықтары, дүкендер, сауналар, СПА-орталықтар, бассейндер, спорт кешендері мен фитнес-орталықтар қызметіне шектеу қойылды.

 Тыйым Ashyq жобасымен жұмыс істейтіндерге де қойылып отыр. Қаладағы эпидемиологиялық ахуал қатаң шараларды қолдануға себеп болған.

 Бұл туралы және бизнесті шектеу жөніндегі шаралар жайында бүгін Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев және санэпидбақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметовтың қатысуымен өткен ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте айтылды.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаевтің хабарлауынша, соңғы қатаң шектеуге Шымкент қаласындағы ШОБ-тың 48%-ы іліккен. Соның ішінде сауда – 27 мың субъект, туризм – 1,5 мың субъект, қызмет көрсету (қоғамдық тамақтану, ойын-сауық және т.б.) – 19 мың субъект, көлік – 3 мың субъект.  

 Палата директоры, сонымен қатар «Атамекен» бизнестің қатаң карантиндегі жұмыс алгоритмін ұсынғанын хабарлады. Атап айтқанда, ҰКП мынадай шараларды ұсынды:

 1. Вакциналау бойынша ынталандыру шаралар ретінде бизнес субъектілеріне рұқсат ету критерийлерін белгілеу:

 - Ұжымның 50% және одан да көп қызметкері вакцина салдырған, Ashyq жобасы арқылы адал қызмет ететін кәсіпорындарға шектеусіз жұмыс істеуге мүмкіндік беру;

 - Ashyq жобасы арқылы адал қызмет ететін, вакциналау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқан кәсіпорындарға Ashyq жобасымен алдағы эпидемиологиялық аймақ шарттарында жұмыс істеуге рұқсат беру;

2. Ashyq жобасын барлық саладағы барлық бизнес субъектілеріне тарату.

3. Сауда ойын-сауық орталықтары/сауда үйлері және базарлардың кіреберісінде Аshyq қосымшасы арқылы статусты тексеретін жүйелерді (турникеттер) пайдалану ұсынылады. Егер Ashyq-тағы жеке статусы «қызыл» немесе «сары» болса, онда турникет нысанға кіру үшін бұғатталады. Бұл шара қолданыстағы санитарлық талаптарға қосымшга ретінде  сауда ойын-сауық орталықтары/сауда үйлеріне кіру тобын бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

4. Бизнесті көбірек тарту үшін Ashyq жобасына кіру алгоритмдерін оңайлату және мерзімін қысқарту: өтінімдерді санитар дәрігерлердің келісуін алып тастау, қауымдастықтар арқылы өтінім беруді алып тастау және цифрлық мобильді қосымшаларды барынша көбірек пайдалану;

5.  Өңірлердің бас санитар дәрігерлерінің Ashyq жобасына қатысушылар үшін қосымша шектеулер енгізу мүмкіндігін болдырмау.

«ҰКП Мәскеу қаласы үкіметінің инфекция таралуына қарсы тәжірибесін қолдануды ұсынды. Онда бизнеске жұмыс істеуге тыйым салынбайды, оның ішінде демалыс күндері де санитарлық талаптардың сақталуы үшін жауапкершілік халыққа жүктеледі. Бұл вакциналауды ынталандырады. Мысалға, Мәскеу билігі мейрамханалар мен дәмханаларда «COVID-19-дан босатылған аймақтар» ұйымдастырды. Бұл тәжірибе тек вакцина салдырған қызметкерлерге жұмыс істеуге мүмкіндік береді, ал келуші вакцина салдыруы немесе ауырып жазылған азаматтарда антидене болуы керек. Заңбұзушылық анықталған жағдайда мейрамханалар пилоттан шығарылады», – деп атап өтті Нұрлан Қабіштаев.

 ӨКП директоры атап өткендей, бұған дейін кәсіпкерлер міндетті вакцинациялау мерзімдеріне үлгермейтіндерін айтып, шағымданды, содан кейін «Атамекен» вакциналау мерзімін шегеру бойынша ұсыныс айтты. Бұл ұсынысты Үкімет қолдады және кеше ғана ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің бірінші компонентпен вакцинациялау мерзімін 2021 жылғы 10 тамызға дейін және екінші компонентпен 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейін ауыстыру туралы қаулысы шықты.

 Сондай-ақ, «Атамекен» кәсіпкерлерге арналған telegram-бот қызметін іске қосты. Telegram-бот бизнес өкілдері мен тұрғындарға Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жұмысы мен жобалары туралы ақпарат береді. Виртуалды көмекшіні НПП_Atameken_bot  Telegram-каналы арқылы пайдалануға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер