«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте Ashyq жобасынан 39 кәсіпкерлік нысаны уақытша шеттетілді

2021 жылғы 15 Маусым
- Шымкент қаласы
10245 просмотров

Өңірде Ashyq талаптарын сақтамайтын кәсіпкерлік нысандары анықталды.

Бұл QR-код (чекин) бойынша келушілерді тіркеудің нөлдік көрсеткіші бар қатысушылар. Талаптарды бұзған қатысушылар Ashyq жобасынан 2 аптаға шеттетілді. Олардың арасында қоғамдық тамақтану нысандары мен компьютерлік клубтар бар. Жобадан шыққан QR-коды бар қатысушылардың толық тізбесін (ҚР цифрлық даму министрлігінің түсіріліміне сәйкес) әкімдіктің сайтынан көруге болады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/article/details/52909?lang=ru

«Өкінішке қарай, кейбір кәсіпкерлер «Ashyq» жобасы – пандемия режимінде қалыпты жұмыс істеудің бірден бір жолы екенін әлі де түсінбей жатыр. Кәсіпкерлерге жай ғана бағдарламаның талаптарын орындап, жұмыс істеп, жеңілдіктерді алуға болады: жұмыс істеу уақытын ұзартып, келушілер санын арттыруға болады. Енді талаптарды бұзған кәсіпкерлер, қайтадан шарттарды бұзса, онда Ashyq жобасынан 2 аптаға емес 2 айға шеттетіледі»», – деп атап өтті Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сабира Адамбекова.

 Маманның айтуынша, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 22 мамырдағы қаулысымен Ashyq жобасы талаптарын бұзған қатысушыларды жобадан алып тастау алгоритмі бекітілді. Оған сәйкес Ashyq жобасына қатысушыларды жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) мынадай негіздер бойынша жобадан шығара алады:

 1) кәсіпкерлік нысанда мониторинг топ жобаға қатысуға қойылатын талаптарды бұзудың расталған фактілерін анықтауы;

2) нысан келушілерді  3 күннен артық check-in бойынша тіркемеуі;

3) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады.

 Бұдан бөлек, Шымкент қаласы бойынша 9 кәсіпкерлік нысанға «Ashyq» көшбасшылары» статусы берілді, олардың қатарында бірінші орында Шымкент қаласының әуежайы бар. Сондай-ақ:  «Синемакс» және «Кинопарк» кинотеатрлары,  «Қасиет» фитнес клубы, «Мадлен» кофеханасы (Иляев көшесі), «Пинта Паб», «Блинчик», «Мадлен» (Республика д-лы) кафелері, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті. Бұл нысандар жұмыс уақытын тағы 2 сағатқа ұзартып, келушілер санын 10%-ға арттыра алады. «Ashyq» көшбасшыларын мына сілтемеден көруге болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/article/details/52457?lang=ru.

«Бұл нысандарда қауіпсіздік шаралары жоғары. Қазіргі кезде Шымкент қаласында Ashyq жобасында 639 бизнес субъектісі жұмыс істейді. Барлығы 1133 өтінім келіп түсті, соның ішінде 25-сі – ерікті қатысушылар (қонақ үйлер, университеттер, түзету мекемесі, мемлекеттік органдар, ХҚКО); халықтың танысуы үшін 543 нысан әкімдік сайтында орналастырылған. Осыған байланысты Бизнесті Ashyq жобасына белсенді қатысуға, оның шарттарын сақтауға және осы жоба беретін артықшылықтарды пайдалануға шақырамыз», – деп атап өтті Сабира Адамбекова.

 Ashyq жобасы «қызыл» статусы бар, яғни covid індетін жұқтырған  38 келушіні  және «сары» статуспен (ауру адаммен байланыста болған)  96 адамды анықтауға көмектесті.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер