«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Өзбекстан мал және құс экспортына шектеулерді алып тастады

2021 жылғы 25 Наурыз
- Шымкент қаласы
10622 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы ет өңдеушілердің проблемасын оң шешті

Өзбекстан Республикасының мемлекеттік бас санитар дәрігері 2021 жылы 19 наурызда № 01/19-01 қаулы шығарды, оған сәйкес осыған дейін ҚР Ақмола облысы және Шымкент қаласынан тірі мал, үй жануарлары, сондай-ақ жабайы аңдар, цирк және зообақ жануарлары, генетикалық материалдар, жылы өңдеуге ұшырамаған шикі ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, жүн, қыл, аңшылық трофей, ішек шикізаты, тері және былғары, малды ұстау және союға арналған қолданыста болған жабдықты елге әкелу және транзиттеуге салынған уақытша шектеулер алынып тасталды.

 Сонымен қатар тірі құс (сәндік құстарды қоса алғанда), инкубациялық жұмыртқа, мамық және қауырсын, құс еті, жұмыртқасы және құс өсірудің барлық өнімдері, сондай-ақ құсты асырау, сою, жіліктеуге арналған қолданыста болған жабдықты әкелу және транзитіне уақытша шектеулер алынып тасталды.

 Еске салсақ, 2020 жылы 25 қыркүйекте Өзбекстан Республикасының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысымен ҚР Ақмола облысы мен Шымкент қаласынан тірі мал, шикі ет және ет өнімдерін, сүт және сүт өнімдері, жүн, ішек шикізаты, тері және былғарыны әкелу және транзитіне уақытша шектеулер енгізілген. Осыған байланысты Өзбекстанға өнім экспорттап келген отандық өңдеушілер тығырыққа тіреліп, шығынға батты. Осы тыйым салдарынан Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасына мал шаруашылығы өнімдерін сатумен айналысатын ауылшаруашылық кәсіпорындарынан өтініштер түсе бастады.

Кәсіпкерлер палатасында өнімді өткізуге қатысты жағдайға алаңдаушылық білдірді, өйткені көрші елдің санкциялары отандық ауыл шаруашылық саласына теріс әсер еткен.

 «Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы өткен жылдың күзінде аталған мәселені Палата жанындағы АӨК және тамақ өнеркәсібі комитеті отырысында көтерді, кейін «Атамекен» ҚР ҰКП орталық аппаратына шығарды. Ұлтттық палата бұл мәселені Ауыл шаруашылығы министрлігіне жеткізді. Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігінің көмегіне жүгінді, соңғы министрлік өз кезегінде проблеманы Өзбек Республикасы үкіметімен реттеуді қолға алды. Барлық тараптардың атсалысуымен мәселе шешімін тапты: Наруыз мейрамы қарсаңында шектеулер алынып тасталды», – деді Шымкент қаласы ӨКП директорының орынбасары Әділжан Датқаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер