«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкенттік кәсіпкерлерге арналған қаржыландырудың 7 құралы

2021 жылғы 10 Ақпан
- Шымкент қаласы
8142 просмотров

Шымкент қаласында қала әкімі Мұрат Айтеновтың төрағалығымен жиналыс өтті, онда кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы талқыланды. Жиынға Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев, кәсіпкерлер мен екінші деңгейлі банктердің жетекшілері қатысты

Жалпы, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында үкіметіміз пандемияның теріс әсерін азайту үшін дағдарысқа қарсы шаралар әзірлегені атап өтілді. Соның бірі – «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасының шарттарына өзгерістер енгізу. Бұл кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесін 6%-ға дейін төмендетуге, субсидиялауға жататын несие көлемін 7 млрд теңгеге дейін ұлғайтуға, салалар бойынша Бағдарламаға қатысуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, Бағдарламаға өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін ірі кәсіпкерлік субъектілері кірді.

 Шымкент қаласы ӨКП директоры Нұрлан Қабіштаев Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсенің жұмысына кеңірек тоқталды.

 «Өткен жылдан бастап Жобалық кеңсе өкілеттігі «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы, «Еңбек» бағдарлмасы, «Даму Өндіріс» бағдарламасы, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндегі бағдарламалар («Кең дала», «Ырыс», «Сыбаға» және т.б.) сынды жеңілдікпен несиелеу бағдарламаларын мониторингілеу бөлігінде кеңейтілді. Өкілеттіктерді кеңейтудің мақсаты – осы бағдарламалардың тиімділігіне мониторинг жүргізу, олардың негізінде оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді», – деді Палата директоры.

  «Атамекен» ҚР ҰКП-да индустриялық сертификаттар, СТ-КЗ сертификаттары базасында отандық тауар өндірушілердің тізілімі құрылған. Бұл портал отандық тауар өндірушілерді (өңірлер, компаниялар, салалар бойынша) тез әрі оңай табу, тапсырыс берушілер, мердігерлер, ОТӨ және мемлекеттік органдармен кері байланыс орнатуға бағытталған.

 Жобалық кеңсенің үшінші бағыты – өңірлердің экономикалық картасын әзірлеу, оның мақсаты қаланың одан әрі даму мүмкіндіктерін анықтау, ресурстарды экономикалық айналымға тарту, бюджет шығыстарының тиімділігін талдау үшін қаланың ресурстары мен әлеуетін саралау. Қазіргі кезде осы бағытттағы жұмыс қарқын алып келеді, сәйкес ақпаратты жинақтау жүргізілуде.

Шымкент қаласында «Бизнеске арналған үкімет» іске қосылған. Бұл жоба кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша орталықтандырылған мемлекеттік және қызметтерді бір көзден жылдам алуға көмектеседі. Ол жеке кәсіпкер/жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ашу, бизнес-жоспар құрудан бастап жылдық 1%-бен жеңілдікпен несиелендіру жобаларын қаржыландыруға, «1000 сауда орны» бағдарламасы бойынша жер телімдерін алуға дейін қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, орталықта бизнес өнімдері, инвестициялар, цифрлық, заңдық және мемлекеттік қызметтерді жылжыту бойынша қолдау мен кеңестер беріледі. Осылайша, кәсіпкерлер мен инвесторлар үшін бірыңғай хаб құрылған.

 Палата директоры хабарлаған тағы бір жаңалық – Шымкент қаласында әкімдік пен «Атамекен» ҰКП қатысуымен МҚҰ құру бойынша жұмыс басталды.

 «Ол үшін жеңілдікпен нсиелеуге қажеттілікті және өнімнің кәсіпкерлерге қолжетімділігіне талдау жүргіздік. Бүгінде «Бастау Бизнес» жобалары бойынша қажеттілік 232 жобаға1,5 млрд теңгені құрайды. Бүгінде осы МҚҰ-ны тіркеу жұмыстары жүргізілуде, ұйым осы жылдың наурыз айында ашылады деп күтілуде. Осындай несиелеуді «Бастау Бизнес» түлектері ғана 20 млн теңгеге дейін жылдық 6 пайызбен 5 жыл мерзімге ала алады. Бастысы, салалық шектеу жоқ. Несиені кез келген бизнес түріне алуға болады», – деп атап өтті Нұрлан Қабіштаев.

 Жалпы, кәсіпкерлікті дамытуға жеңілдетілген қаржыландыру алу үшін 7 қаржыландыру құралы бар. 2021 жылға бизнесті несиелендіруге 8,0 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде қаржыландырудың жаңа өнімдерінің бірі – жылдық 6%-бен кепілзатты қамтамасыз етпей 5 миллион теңгеге дейін қаржыландыру.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер