«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкент қаласында бизнес негіздері бойынша авторлық курстың алғашқы легі аяқталды

2021 жылғы 09 Ақпан
- Шымкент қаласы
7951 просмотров

«ПК «AГФ group» ЖШС тігін фабрикасы құрылтайшыларының бірі Фатхулла Насыров «Бизнес-практикум» төл бағдарламасының алғашқы тыңдаушыларын түлетті

Бұл бағдарламаны кәсіпкер былтыр жоғары оқу орындарының студенттеріне арнап әзірлеген. Студендеттерді іріктеуде қойылған жалғыз талап – студенттің мамандығы кәсіпкерлікке байланысты болуы және жеке бизнесті ашуға жоғары ынта.

Үш ай бойы аптасына бір рет үш сағат табысты бизнесмен жастарды кәсіпкерлік, экономика және бухгалтерияға оқытты, шағын бизнесті жүргізудің қыр-сырын үйретті. Оқу тегін жүргізілді.

 «Былтыр Фатхулла Насыров палатаға келіп, өз идеясымен бөліскенде, біз бірден қолдап, бір апта ішінде топ жинадық. Әрине, Палата жанында бизнес негіздері бойынша түрлі курстар (Бастау Бизнес, Бизнес-Кеңесші, Іскерлік байланыс) бар, бірақ олар студенттерге бағдарланбаған. Бұдан бөлек, жоғары оқу орындары және колледждерже «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» пәні енгізілген. Бұл курстардың барлығы жақсы, артықшылықтары да бар. Ал Фатхулланың авторлық курсы ерекше: кәсіпкер студен ттерге құнды біоім беріп, жеке тәжірибесімен бөлісті, кез келген кәсіпке қолдануға болатын бизнес модельді ұсынды», – деді Шымкент қаласы ӨКП директорының орынбасары Мадина Тұрсынбекова.

 «Бұл байқау көзімді ашты. Өмірім кеше және бүгін деп өзгерді. Үш ай ішінде  алған білім ұзақ жылдар бойы жиналған тәжірибеден құралған, егер осы жолды өзіміз өткерген болсақ, онда көп қателіктер мен сынақтарға ұшырар едік. Бұл құнды білім, оны бізге тегін берді. Осы курс арқылы достарым көбейді, үздік, амбицияға толы, белсенді жастар», – дейді курсқа қатысушы, SILKWAY халықаралық университетінің студенті Омар Диана.

 «Бизнес практикум» курсы арқылы мен бизнестегі қателіктерді қалай болдырмауға және сыртқы факторлардан болатын қауіп-қатерлерді қалай азайтуға болатынын білдім. Бізге ситуацияның бірнеше сценарийлерін болжауды және бизнестің дамуын қамтамасыз ету үшін қалай әрекет ету керектігін үйретті. Фатхулла Насыров бизнестің шынайы процесі туралы ештеңе білмейтін бізді өз қанатының астына алды», – деді  Мардан Сапарбаев институтының 4 курс студенті Данияр Дәулетбаев.

Тыңдаушылардың пікірінше, курс бизнесмендерге тән қасиеттерді дамытуға жол ашқан.

 Фатхулла Насыров тыңдаушыларға ары қарай кәсіп бастауға көмектесуге ниетті. Әзірге түлектерге сертификаттары табысталды. Авторлық курстың екінші легіне қатысам деушілердің қарасы қалың.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер