«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңестің жаңа құрамы сайланды

2020 жылғы 27 Тамыз
- Шымкент қаласы
12975 просмотров

Бүгін Іріктеу комиссиясы отырысы барысында Өңірлік кеңестің сайлау қорытындысы шығарылды. Жаңа құрамға қаланың табысты бизнесмендері кірді, олар алдағы 4 жыл бойы жергілікті бизнес-қоғамдастықтың мүддесін қорғайтын болады

 Шымкент қаласы бойынша Өңірлік кеңес құрамына квота 30 адамды құрайды. Барлығы 67 кандидат сайланды. Кандидаттар ретінде белсенді, қоғамда танымал кәсіпкерлер, беделі бар қауымдастықтардың жетекшілері қатысты. Шымкент қаласы бойынша үміткерлер арасында: өнеркәсіп, сауда және қызмет көрсету, құрылыс, көлік, АӨК саласы және қауымдастықтардың өкілдері  басым болды. Жалпы Шымкент шаһарында дауыс беруге 17 653 кәсіпкер қатысты. Шымкент бизнесі басқа өңірлермен салыстырғанда ең жоғары белсенділік танытты.

 Жиын барысында іріктеу комиссиясының төрағасы Абылқасым Досболов Өңірлік кеңестің 30 кәсіпкерден құралған жаңа құрамын жариялады:

 1          КЕРІМБАЕВА Наргиза Абайдуллақызы,  «Retail Stores Kazakhstan» ЖШС бас директоры – 2100 дауыс;

2          БАЛАБИЕВ Нұрсұлтан Қайратұлы, «Самал транзит» ЖШС директоры – 1187 дауыс;

3          НИШАНБАЕВ Тахирбек Фархадұлы,  «Бәйтерек агро» ӘКК құрылтайшысы – 1169 дауыс;

4          НАИМБЕКОВА Айжан Ізбасханұлы, «Барыс – 2007» ЖШС бас директоры – 1158 дауыс;

5          ҚАМБАРОВ Есбол Әуесбекұлы, «Юг hause» ЖШС бас директоры – 1045 дауыс;

6          МЫРЗАБАЕВ Абай Төленбайұлы,  «Nurtau distribution company» ЖШС бас директоры – 876 дауыс;

7          ТАШҚАРАЕВ Нұрсұлтан Ғаниұлы, «Мұнай Инвестмент груп» ЖШС Басқарма төрағсы –  640 дауыс;

8          КОПАЙЛОВ  Игорь Игоревич , «HORECA Қазақстан» мейрамхана-қона үй кәсіпорындарының ұлттық қауымдастығы» ЗТБ президенті – 621 дауыс;

9          НҰРМАШЕВ  Бекайдар Қалдыбайұлы     «Оңтүстік Қазақстан фармацевтикалық кластер қауымдастығы» ЗТБ президенті – 570 дауыс;

10        ЖҮЗЕНОВА Гүлия Бексұлтанқызы, «Экофарм Интернейшнл» ЖШС бас директоры – 568 дауыс;

11        СЕЙІТЖАНОВ  Нұржан Серікжанұлы,  «Standart Petrolium» ЖШС директоры – 524 дауыс;

12        АСАНОВ  Мұхит Қабылбекұлы,  «Асем» ҮЕҰ ЖШС, бас директоры – 418 дауыс;

13        ТӨЛЕНДИЕВ Әнуар Расұлұлы,   «А.Р.Т. – Құрылыс» ЖШС, құрылтайшысы – 411 дауыс;

14        СЕЙДУАЛИЕВ  Абдуғали Малайжанұлы, «РА «April» ЖШС, қаржы директоры, 374 дауыс;

15        МАМЫТОВ Нұржан Қалилаұлы, «Телеком-трейд» ЖШС бас директоры, 355 дауыс;

16        МАМЫРОВ  Ойрат Маратұлы, «Эристайл Казахстан» ЖШС, атқарушы директоры – 336 дауыс;

17        БИТЕМІРОВ  Мұхтар Құралұлы,  «Зерде» ЖШС, бас директоры – 317 дауыс;

18        ҚОЗБАХОВ  Шыңғыс Лесбайұлы «ЮгОойлПро» ЖШС  директоры – 283 дауыс;

19        ДОСЫМОВ Қанат Тастыбайұлы, «Казтермопласт» бас директоры – 268 дауыс;

20        МОЛДАСЕЙІТОВ Қайрат Құсейінұлы «Алтын тастақ» ЖШС құрылтайшысы – 250 дауыс;

21        ЗИЯТБЕКОВ Дінмұхаммед Әбдірбекұлы, «Business and Travel Central Asia» ЖШС директоры – 245 дауыс;

22        ТОҚБЕРГЕНОВ  Елікбай Адишұлы «Санжар-Моторс» ЖШС құрылтайшысы – 244 дауыс;

23        ИСХАХОВ Талғат Жүнісбекұлы, «Бал Текстиль» ЖШС директоры – 232 дауыс;

24        МЕЛДЕХАНОВ Өмірзақ Пердебекұлы, «Пресс-Автомат» ЖШС бас директоры – 230 дауыс;

25        ДОСМУХАМЕТОВ Болат Сейілханұлы, «ЕвроКристалл» ЖШС бас директорының орынбасары – 223 дауыс;

26        ОМАРОВ Ерлан Мамрайқанұлы «Рауан – 7» ЖШС директоры – 213 дауыс;

27        ОҢҒАРБАЕВ Есламбек Құдайбергенұлы, «Emdel.KZ» ЖШС, бас директоры – 210 дауыс;

28        ХЕГАЙ Сергей Валерьевич,  «Mega SMART» ЖШС бас директоры – 204 дауыс;

29        ТӨЛЕГЕНОВА Салтанат Ходжа-Мамедқызы, «Тулегенова» ЖК, директоры – 195 дауыс;

30        ДЕНИСОВ  Владимир Иванович, «Авиакомпания «Scat» ЖШС президенті – 191 дауыс.

Өңірлік кеңестің жаңа құрамында – билік органдарынан 4 депутат бар, 13-і – өңірлік кеңестің бірінші құрамының өкілдері.

 «Өңірде сайлау науқанына қатысқан барлық бизнес өкілдеріне алғыс білдіреміз. Ерекше ризашылықты Өңірлік кеңестің алғашқы құрамына айтқымыз келеді, олар бүгінге дейін өңірдегі бизнес-қоғмадастықтың мүддесі қорғап келді. Өңірлік кеңес мүшелері Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының қалыптасуы мен дамуына сүбелі үлес қосты. Өңірлік кеңестің жаңа құрамы бизнестің ең өзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысады деген сенімдеміз», – деді Шымкент қаласы ӨКП директоры Нұрлан Қабіштаев.

 Еске салсақ, сайлау кампаниясы биыл елдің барлық өңірінде бастау алды. 7-22 шілде аралығында құжаттарды қабылдау және кандидаттарды тіркеу жүргізілді. 25 шілдеден бастап, 3 тамызға дейін үгіт-насихат кампаниясы ұйымдастырылды. Негізгі кезең – дауыс беру – 5-20 тамыз аралығында өтті.

 Дауыс беру vote.atameken.kz сайтында SMS-дауыс беру және ЭЦҚ арқылы жүргізілді. Осы ретте дауыс беруге БСН-ЖСН нөмірін растау арқылы сәйкес өңірдің бизнес субъектілері қатыса алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер