«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Карантин жағдайында көктемгі дала жұмыстары: әр күн маңызды». АӨК саласында ауқымды онлайн жиын өтті

2020 жылғы 07 Сәуір
25277 просмотров

7 сәуір күні «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиевтың төрағалығымен Агроөнеркәсіп кешенінде дағдарысқа қарсы шаралар жөнінде онлайн-конференция өтті

АӨК саласында дағдарысқа қарсы алғашқы онлайн жиналысқа ел ауқымында 120-дан астам кәсіпкер қатысты, олардың қатарында астық өндірушілер, астық, басқа да агроөнімдерді экспорттаушылар, мал өсірушілер, жұмыртқа, сүт және басқа ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, сондай-ақ ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро», өңірлік кәсіпкерлер палаталарының өкілдері қатысты.

 Онлайн жиынды ашып, Эльдар Жұмағазиев қатысушылардың назарын өзекті мәселелер – көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларды қажетті ресурстармен қамту және төмен сыйақы мөлшерлемесінде жеңілдікпен қаржыландырудың қолжетімділігіне аударды.

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус пандемиясына қатысты 2020 жылғы 31 наурыздағы мәлімдемесіне сәйкес:

 «Көктемгі дала жұмыстары Үкімет пен әкімдіктердің жіті бақалуында болуы керек. Азық-түлік қауіпсіздігі тұрғысынан қазір әр күн маңызды».

 Бүгінгі таңда Қазақстанның бүкіл аумағында дерлік карантин режимі енгізілген және барлық аймақта карантиндік аумақта коронавирустың таралуын тоқтату бойынша жедел штабтар (ары қарай – жедел штаб) ұйымдастырылған.

 Эльдар Жұмағазиев жиын қатысушыларына әр облыс өткізу мәселесін өзі шешетінін – кейбір өңірде «qr-кодтар пайдаланылады, тағы бір аймақта «арнайы рұқсат қағаздар, тағы бір өңірде «жасыл дәліздер» қолданылатыны жайында ақпараттандырды.

 Алайда бүкіл Қазақстаннан АӨК субъектілерінен ауылшаруашылық техникаларына арналған қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін қалаларға кіру / шығу, «ҚазАгро» еншілес ұйымдарындағы несиелер үшін қағазбастылық, тұқым экспорты және тағы басқа мәселелер туралы шағымдар түсіп жатыр.

 Сонымен қатар АӨК субъектілерінің көбі облыс ішінде басқа аудандарда қажетті ресурстарды (тұқым, жанармай және т.б.)  сатып алуда маршруттарды оңайлату үшін басқа аудандар аумағына өтуге мәжбүр, бұл жайт карантиндік аймақтардан өткенде қиындықтар тудырады.

 Көптеген қожалық жаңа маусымға жаңа ауыл шаруашылығын техникасын сатып алды, сондықтан техниканың тілін білетін мамандарды басқа өңірден шақыру қажет (монтаж, қосу-қалыпқа келтіру жұмыстары, техникалық қызмет көрсету), бірақ карантин салдарынан барлық облыстарда облыстар арасында осындай мамандарды қозғалуы алгоритмі ойластырылмаған.

 Мәселен, Ақмола облысы АӨК субъектілері көрші облыстармен тұқым, тыңайтқыштарды жеткізу бойынша келісімшарттар жасаған, ауыл шаруашылығы техникасын Қостанай қаласынан сатып алған кәсіпкерлер бар, бұл өңірде сервистік орталық бар, қазіргі таңда техниканы реттеу жұмыстары жүргізілуде, алайда облыс арасында қозғалу тәртібі қарастырылмаған.

 Өкінішке қарай, әкімдіктер жанындағы жедел штабтардың көбі ситуацияға бейімделіп, АӨК субъектілердің облысқа кіру/шығу бойынша жұмысқа реттей алмады.

 АӨК комитетінің басшысы Иван Сауэр барлығын төтенше жағдайға ысырып тастауға болмайтынын, бұл дұрыс емес екенін айтты, өйткені өткерілмейтін кедергілер жоқ және көп нәрсені жергілікті жерде екі-үш күнде шешуге болады.

 Иван Сауэр жедел штабтарда – ауылшаруашылық басқармалары мен Кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің тасымалдау мәселесін шешуді жеделдету үшін қатысуын қамтамасыз етуді ұсынды.

 Иван Сауэр «ауыл шаруашылығы өндірушілердің барлығы бірдей жабдықталмағанын, көктемгі дала жұмыстарға дейін аз уақыт қалғанын және тек техникалық мәселелерге байланысты ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қаражат алмай қалу қауіпі барын» айтты. Ал бөлініп қойған қаражаттан қаржы жетіспей қалуына жол берілмеуі керек – деп атап өтті Сауэр.

 Көктемгі дала  жұмыстарын қаржыландыру бойынша қаражаттың тапшылығы бір ғана Шығыс Қазақстан облысы бойынша 700 млн теңгені құрап отыр. Көктемгі дала жұмыстарына қаражат Шығыс Қазақстан облысы бойынша ғана емес, басқа өңірлер бойынша жетіспейді. Бұны қабылдап, шешу керек – деп бір ауыздан айтты қатысушылар. Бұдан бөлек, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несиелеу шеңберінде 100 млрд теңге бөлінген.

Қазақстан шаруалары одағының төрағсы Жигули Дайрабаев «жеңіл несиелерді рәсімдеу, жабдық, қосылқы бөлшектерді алу қиындатылған. Мұндай ситуация барлық жерде» деп мәлімдеді. Ал карантинмен қоса фермерлер проблемалары қиындай түседі.

Фермерлер үшін тағы бір өзекті мәселе – несиелер бойынша кейінге шегеру.

Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне сәйкес ҚазАгро еншілес ұйымдарына жалпы сомасы 5,5 млрд теңгеге төлемдерді шегеру бойынша өтінімдер келіп түскен. Барлығы 100 млн теңгеге небәрі 58 өтінім мақұлданған. «Атамекен» мамандарының пікірінше, шегерім беру ұзақ қаралады, ауыл шаруашылығы өндірушілер жіпсіз байланып отыр, көпшіліктің қаржылық ахуалы қиындап барады.

«Бізге облыстар бойынша шаруалар, оларды бекеттерден өткізбей, рұқсат қағаздарына қарамайды деп хабарласуда. Мұндай мәселелерді шешуге тарысамыз. Сіздер де өз тараптарыңыздан қалалар, обылстар әкімдіктерімен мәселені шешу бойынша сөйлесулеріңізді сұраймыз», – деді Дайрабаев.

 Азық-түліктің қауіпсіздік басты назарға алынып, күн тәртібінде тұрған кез келген бәсекелестік мәселені алып тастауы керек. «Жұмыс істеймін деушілерді қолдау керек, – деп санайды Дайрабаев. – халықты БАҚ-та фб-дағы интригалық мәліметтермен қорқытпау керек. Мұндай уақыт өткен. Бүгінде жұмысты жолға қойып, адамдарды жұмыспен қамту керек, ол үшін бізде барлық мүмкіндік бар».

 Қандай оператор – бакнтер немесе АНК (Аграрлық несие корпорациясы) бұрын-соңды болмаған дағдарыс жағдайында бұл қаражаттардың жедел және сауатты игерілуімен күресе алады – аталған мәселе пікір-таласты.

 Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров қатысушылар пікірмен келісті. Оның пікірінше, бүгінде өзекті мәселелердің басым бөлігін әкімдіктер деңгейінде шешуге болады.

 Конференцияның бір ауыздан болған шешімі – көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін фермерлерге барлық мәселелерді жедел шешу үшін барлық қалалар әкімдіктері, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Атамекен өкілдерінің тұрақты жедел әрекеттесуін қамтамасыз ету.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер