«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте әкімдіктің қала салуды жоспарлау бойынша қызметіне талдау жүргізіледі

2020 жылғы 27 Қаңтар
- Шымкент қаласы
9461 просмотров

Есептік кездесуде кәсіпкерлер проблемалар мен ұсыныстарын айтты

Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабіштаев өткен жылы атқарылған жұмыс бойынша есеп беру және мәселелерді тыңдау мақсатында шаһардағы әл-Фараби ауданының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті.

 Кездесу барысында кәсіпкерлер түйткілді мәселелерімен бөлісті. Анықталғандай, мәселелердің бірі республикалық деңгейде қарауды қажет етеді, қалған проблемаларды жергілікті деңгейде шешуге болады.

 «Шым Техникс Групп» ЖШС өкілі оның компаниясы «Оңтүстік» индустриялық аймақта жер теліміне тысым салу фактісіне тап болған. Әзірге кәсіпкер мемлекеттік актіні рәсімдеп жатқанда бұл жер телімі басқа тұлғаларға зауыт салуға берілгені анықталған. Кәсіпкер Шымкент қаласында қала құрылысы құжаттарының дұрыс әзірленуі және олардың орындалуына бақылаудың жоқтығына шағымданды, нәтижесінде жер иелерінің құқықтары бұзылуда. Дегенмен, ҚР Жер кодексіне сәйкес жерді Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарынсыз құрылыс жұмыстарына беруге тыйым салынған. Осының бәрі бизнес дамуына теріс әсер етіп, кәсіпкердің жер телімін алуға байланысты қызметіне кедергі келтіреді.

 ӨКП директоры Қазақстан оңітүстігінде жер мәселесі ең өзекті проблема екенімен келісті. Бірақ әкімшілік кедергілер мемлекеттік органдар тарапынан жасалса, Палата кәсіпкерлерге көмек көрсетіп, шенеуніктерге өз жауапкершілігі туралы ескертуге дайын. Ол үшін Палатада Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі жұмыс істейді, онда жүйелі мәселелер мен әкімшілік кедергілер талқыланып, оларды шешу бойынша ұсынымдар шығарылады.

 «Аталған мәселенің өзектілігіне байланысты «Атамекен» ҚР ҰКП және Бас Прокуратура  бірлескен келісім аясында, ағымдағы жылы олар әкімдіктің елді мекендерде қала құрылысы жөніндегі қызметіне талдау жасайды, онда біз қала құрылыстық құжаттаманы бекіту және елдімекендерді қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді бақылауды күшейтуді ұсынамыз», – деді ӨКП директоры.

 «Кәсіпкерлердің барлығы бірдей онлайн-бақылау-кассалық машинаны қолдануға міндетті ме, еске кассалық аппаратты қолданса бола ма», – осындай сауалды фармкомпаниялары қауымдастығының төрайымы Хадиша Әлжанова.

ӨКП директорының айтуынша, 2020 жылдың қаңтарынан бастап онлайн-БКМ-ны барлық қызмет түрлерінде қолдану міндетті. Кассалық апппаратты ақшалай есеп-айырысуға ДЕЙІН алу қажет, яғни сатып алушыдан төлем қабылдау кезінде сізде кассалық аппарат болуы керек.

 «Егер кәсіпкерлік қызметті жаңадан бастасаңыз, онда сізге онлайн-БКМ-ды сатып алған жөн. Егер деректерді беру функциясы жоқ бақылау-кассалық машинаны қолданып жатсаңыз, оны онлайн-БКМ-ға ауыстыру керек. Ал «қарапайым» кассалық аппараттар интернеті жоқ шалғай аудандарда ғана жарамды. Сондықтан қала кәчіпкерлеріне онлайн-БКМ-ды сатып алып, тіркеу керек, ары қарай оны жұмыс орнында қондырып, «ескіні» есептен шығарған жөн.

 Бизнесмендер әлеуметтік сипаттағы мәселелерді көтерді. Мәселен, Фарида Бакибаев жекеменшік оңалту орталығының директоры қосымша орынжайды жалға алуда көмек беруді сұрады. Орталықта «Анамен бірге» жобасы жүзеге асырылуда, онда тігін цехында аналар еңбектенеді, ал жанында балалары болады. Осындай мүмкіндік аналар үшін өте ыңғайды, ауру балалар үнемі аналарының қарауында болады. Осы жобаның толық жүзеге асуына қосымша екі орынжай керек.

 Палата директоры бизнестің әлеуметтік бастамалар шеңберінде аталған проблеманы шешуге сөз берді. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша көптеген сұрақтар қойылды, атап айтқанда бизнес ашу үшін грант алу шарттары сұралды. Барлық сұрақтарға жан-жақты жауаптар берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер