«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Жас кәсіпкер» бағдарламасына сұраныс жоғары

2019 жылғы 30 Шілде
- Шымкент қаласы
10853 просмотров

Шымкентте «Жас кәсіпкер» жастарға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

Кәсіпкерлер палатасы мамандары жаңа бағдарлама бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқуға үлкен қызығушылық болады деп күткен, алайда осындай ауқымдағы резонансқа таң қалысты.

«Кәсіп ашқысы келетін 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастарды, жас отбасылар мүшелерін және еңбекке жарамды мүгедектерді оқуға шақыруымыз туралы хабарландыруға бағдарлама талапатарына сәйкес келмейтін адамдар да өтінім білдірді. Ынта танытқандар арасында студенттер, бала күтімімен үйде отырған келіншектер, зейнеткерлер және қазіргі таңда жұмыс басты, бірақ демалыста жүрген адамдар бар. Осындай жоғары қызығушылық, бірінші кезекте жастарға алғаш рет кәсіпкер болуда осындай теңдесіз қолдау көрсетілуде: гранттық қаржыландыруға қомақты қаражат бөлінді, гранттардың өзі көп (Шымкент қаласы 4 мың грант!). Бұдан бөлек «Жас кәсіпкер» жобасына қатысу тегін, қатысушылар 19 273 теңге көлемінде шәкіртақы алады. Өз жобаларын сәтті қорғағандарға сертификаттар беріледі, аталған құжат кәсіп бастауға жеңілдікпен несие алуға мүмкіндік береді», – деді Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Данияр Дәрмен.

 Биыл жоба шеңберінде Шымкенттің 1300 тұрғынын оқыту көзделген. Бірінші лекте 650 жас оқиды, екінші лек тамыз айында басталады.

«Қала бойынша  бірінші лекке 1040 өтінім қыбылданды. Тестілеуде 780 үміткер қажетті балл жинады. Оқыту қаладағы 13 нысанда бір мезгілде өтеді. Жастарды арнайы байқау арқылы іріктелген бизнес-тренерлер оқытады. Кәсіпкерлік негіздерін игерген қатысушылар бизнес-жоспарларын құрады. Үш апта оқып шыққан соң олар арнайы комиссия алдында бизнес-жоспарларын қорғайды.  Бағдарламаның тағы бір жаңашылдығы – қатысушыларға арналйы көмекті жеке қабілетті дамыту кеңесшілері береді. Олар адам бойында тұлғалық қасиеттерді анықтап, жетілдіреді, табысқа қандай қасиеттер керектігін айтады», – деді Шымкент қаласы ӨКП Қаржылай емес қолдау бөлімініің бастығы, жоба жетекшісі Лаура Тілеубердиева.

 Естеріңізге салсақ, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша екінші лек Шымкент қаласында 13 тамызда басталады. Ал оқу үдерісінің өзі 15 тамызда бастау алады. Оқуға қатысқысы келетін жастарды Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасына/Халықты жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуды немесе services.atameken.kz сайтында арнайы сауалнама мен өтінімді толтыруды сұраймыз. Сұралатын құжаттар: жеке куәлік көшірмесі, мекенжай анықтамасы. Анықтама телефоны: 8 7252 394998.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер