«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Фармацевтика саласына маман дайындау – өзекті

2019 жылғы 24 Қаңтар
- Шымкент қаласы
10478 просмотров

Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы фармацевтика саласына мамандарды жұмыс берушінің сұранысына қарай дайындауды ұсынуда

Жақын келешекке салаға мамандарды қалай дайындау керектігі өзекті мәселе. Өйткені жұмыс берушілер жиі тәжірибесі мен біліктілігі жоқ жас мамандарға тап болады. Осы мәселелер Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында талқыланды. Іс-шараға жетекші ғалымдар мен білім ордасының кафедра меңгерушілерінен басқа Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы ірі фармацевтикалық ұйымдардың өкілдері, жұмыс берушілер қатысты.

Талқылаудың басты тақырыбы: жоғары мектеп диплом ала сала дәрі-дәрмектің – әзірлеуден бастап фармацевтикалық қадағалауға дейін тіршілік циклының барлық кезеңдерін білетін әбебап-маманды қалай тәрбиелеп шығуы керек? Отандық фармацевтика саласындағы мәселелері қызу талқылау ортақ пікірге келді – салада білікті мамандар аз. Практикалық дайындық төмен. Ынтымақтастықтың бірқатар сәтті үлгілеріне қарамастан жұмыс беруші мен жоғары оқу арасында байланыс аз.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы жылына 250 болашақ провизор мен фармацевті шығарады. Бірақ деңгей мен дайындық жоғары кәсіби білім беруді дайындау бағыттарының тізбезі фармацевтикалық нарық талаптарына сәйкес келмейді. Бұл фармацевтикалық саланы кадрмен қамтуға қатысты түйткілді ситуацияның бірі. Маман қандай болуы керектігін қалай түсінуге болады?

 Бүгінгі күннің талабы – жоғары білім ордаларының білім беру бағдарламалары түлек білім орданы бітіре сала жаңа, жобалық ойлау қабілетке ие болуын қамтамасыз етуі шарт. Бәлкім жоғары білім беруді практикаға сай жүргізудің уақыты келген шығар? Оқу стандарттары кәсіби стандарттарды есепке алып емес, солардың негізіне құрылуы тиіс туралы құқықтық нормалар  да жас мамандар біліктілігі мәселесін шеше ала ма?

 «Біліктілікті мазмұннан анықтау өте қиын, біліктілік еңбектен – нақты міндеттен танылуы керек», – деп назар аударды талқылаушылар. 

Жұмыс беруші жас маман қандай білім, машық және дағдыға ие болуы керектігін нақты айта алады.

«Университеттердің міндеті – саланың сарапшылық пікрін түсінуге тырысу. Ал жұмыс берушілердің міндеті – жоғары оқу орнына қажеттілігін жүзеге асыруға көмектесу», – деген сенімде кафедра меңгерушісі, фармацевтикалық ғылымдар кандидаты, доцент Ботагөз Торланова.

  Байланыс нүктелерін табу шын мәнінде маңызды. Бастысы – бір біріне көмектесуді тоқтатпау керек. Шымкент қаласы ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Мәдина Тұрсынбекова оқу орнының жұмыс берушімен тығыз байланыс орнатуы қашанда оң нәтиже береді деген ойда.

 «2014 жылдан бері «Атамекен» ҚР ҰКП колледждерге арналған дуальді білім беру жүйесін іске қосты. Осы жүйеге сәйкес студент оқу уақытының 60%-ын өндіріс алаңында практикалық білімге арнайды. Дуальді білім беру Оңтүстік Қазақстан медицина академиясында да енгізіледі. Осылайша студенттер жаңа технологиялармен жұмыс істеп, заманға сай бейімделе алады. Қазір біз жас мамандарды даярлауды ғана емес, сонымен қатар, нарыққа қажетті жас мамандарды дайындауымыз керек», – деді маман.

Кездесу соңында ЖОО ректоры және «Даму» фармацевтикалық және медициналық ұйымдар қауымдастығы» ЗТБ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Екі тарап Қазақстанның фармацевтикалық саласына мамандар дайындауда өзара байланыс орнатуға дайын екендерін жеткізді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер