«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Элективті пәннің тәжірибелік пайдасы мол

2018 жылғы 19 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
10634 просмотров

 Тұрар Рысқұлов атындағы №25 мектеп-гимназиясы – Шымкент қаласында «Кәсіпкерлік негіздері» пәнді пилоттық режимде енгізген әзірге жалғыз білім ордасы.

Бұл пән 10-11 сынып оқушыларына арналған, бизнес негіздеріне оқыту былтырдан бері бастау алған. Экономикалық бағыттағы жаңа пәнді педагог Мәдина Сүлейменова жүргізеді. Мұғалім арнайы дайындық оқуды Астана қаласында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан өтіп, бүгінде кәсіпкерлікті қалай жүргізу керектігін түсінікті тілмен үйретеін әдістемлік оқу-құралымен жұмыс істеуде. «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірледі, оны құрастыруға кәсіпкерлер де қатысқан болатын.

«Жаңа пәннің басқа пәндерден, айталық, физика немесе әдебиеттен айырмашылығы бар. Оқу бағдарламасы 68 сағатқа есептелген және 40% теориялық білімге, 15%-ы бизнес кейстерге негізделген, сонымен қатар 45% ойын жаттығуларға құралған. Сабақ барысында балалар бизнес жүргізуде түрлі ситуациялардың шешімін табуға тырысады. Шын мәнінде бұл  балалар арасындағы коммуникациялық машықты арттыратын іскерлікке баулу бизнес-ойындар мен жаттығулар», – деді Мәдина Сүлейменова.

Жартылай ойын формасындағы сабақтар барысында балалар қалай келісімшарттар, мәмілелер жасауды, бизнес-жоспарларды құрап, салықтарды санауды үйренеді, идеяларын жүзеге асырады. Осылай оқу арқылы бала жаттап емес, мәселен экономикалық терминдерді түсініп барып, еске сақтайды. Жаңа пәннің мұғаліміне Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының мамандары сабаққа табысты бизнесмендерді шақыру арқылы сүемелдеу көрсетеді.

Жас кәсіпкер Тоқтар Әлімбеков – сабаққа қатысуға бірден келіскендердің бірі. Тоқтар 25 жаста. Ол 4 жыл бойы АҚШ-та оқып, кәсіпкерлікті игерген. Туған Шымкент қаласына қайтып, жеке кәсіпті қолға алып, «Chaplin's Group» атты америкалық стильде шаштараз бен кофеханалар желісін ашты. Тоқтар осы бизнеспен қатар бірігей U:projects әлеуметтік жобасын іске қосты. Мектеп оқушыларымен кездескен жас кәсіпкер жеке кәсіпті ашқан уақытта тап болған қиындықтар жайында айтып өтті.  Ол жасөспірімдерге жеке кәсіпті қалай бастаған дұрыс, бастапқы капитал болғана жағдайда нені ескерген жөн болатын жайында құнды ақпарат берді.

«Бизнес – оңай іс емес, әркімнің қолынан келе бермейтін шаруа. Меніңше мына оқушылар бақытты. Мен оқушы болған уақытта мұндай пән болған жоқ. Кәсіпкерлікті мектеп партасынан бастап игеру балалар бойнда мақсат қоя білетін, басқара алатын табысты бизнесменді қалыптастырады. Жастайынан кәсіпкерлікке машықтанған жасөспірім өмірдің қиын мезеттерінде тығырықтан шыға алатын болады», – деді Тоқтар.

  Бұл оймен Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Ақниет Әбдіқадырова да келісті, оның пікірінше Кәсіпкерлік негіздері пәні оқушылар үшін пайдалы.

«Балалар дұрыс шешім қабылдаудың маңыздылығы мен жауапкершілікті түсінеді. Оқушылар уақытты бағалап, оны қажетсіз нәрселерге жұмсамай, өздеріне немесе айналысып жатқанадары бойынша есеп береді, қателік жібермей, көшбасшылықты сақтап қалу үшін бәрін ойластырады. Пән жоғары сынып оқушыларына арналған. Бұл жас балалардың қандай мамандық таңдау керектігін саналы түрде түсінетін кезі. Оқушылар кәсіпкерлік негіздер бойынша базалық білім алады. Осындай білімі бар балалар болашақ мамандықты дұрыс таңдайды», – деді сарапшы.

 Жоғары сынып оқушылары жаңа пәнді сынап көрді. Кейбір балалар өз бойларында кәсіпкерлік қабілеттерді байқады. Олардың бірі мектеп оқушысы Аяулым Әбдімутәліп. Элективті курсты былтыр тәмамдаған Аяулым болашақта тұрмыстық қалдықтарды өңдеумен айналысқысы келеді. Биыл ол «Менің арманым» стартап-жобалар байқауына пластик бөтелкелерді өңдеу жобасымен қатысты. Грантқа қол жеткізбесе де оқушы жас миллионер боламын деген сенімде.

 Айта кетелік, «Кәсіпкерлік негіздері» пәні «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бастамасымен ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп әзірленді. Жаңа пән республика мектептерінде 2018 жылдан әр өңірде 1 мектепте жүргізіліп жатыр.

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер