«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бос орын үшін салық салынды

2018 жылғы 22 Қараша
- Шымкент қаласы
11313 просмотров

Жарнамалық компаниялар мемлекеттік қызметкерлердің жарнама туралы заңды өз бетінше түсінуі салдарынан шығындарға батуда.

 Шымкент қаласында бос тұрған жарнама тақтайшалар шенеуніктер салық салуға тырысқан. Осыған байланысты Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасына бірнеше жарнамалық қауымдастық хабарласып, көмек сұраған. Олардың барлығы 2018 жыл қыркүйектен бастап салық қызметкерлері бос тұрған жарнамалық тақтайшалрға да салық төлеуді талап еткендерін жеткізді. Ал осыған дейін кәсіпкерлерден тек жарияланған жарнама үшін ғана ақы алынатын. Кейбір қызметкерлер тіпті жарнама ілінбеген бос орын үшін де салық салатын болған. Ал құрылыстың өзі, жарнамынң да болмауы инспекторларды қызықтырмады.

 Бұл мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес талқылауына салынды.

Жиынның ең басында бұл мәселеге кінәлі салық салушылар емес, сәулет және құрылыс салудың қалалық басқармасының шенділері екіні анықталды. Басқарма салық органдарына салық төлеушілер туралы мәлімет беру жүктелген. Бірақ салық қызметіне тізімді ұсынудан бұрын, басқарма шенділері ай сайын әр жарнамалық тақтайшаны онда жарнама бар ма жоқ па мониторинг жүргізу керек. Кейін мониторинг нәтижесі бойынша (егер билборд немесе скроллерде жарнама болса), онда оны салық төлеушілер тізіліміне енгізуі керек. Демек, осылай қызметтік нұсқамада жазылған, осылай болуы керек. Бірақ шенеуніктер өздеріне жұмысты жеңілдетіп, басқа жолды таңдады: олар жарнамашыларды, оларға жарнама құрылысын орнатуға рұқсат бергеннен бастап салық төлеушілер тізіміне қосып отырған.

  «Бізге жоқ билболдар, бос тұрған жарнамалық тақтайшалр үшін, тіпті әлеуметтік жарнама үшін де салық төлеуге мәжбүрлейді! Мұндай билбордтар табыс әкелмейді!», – деді облыстағы барлық жарнама агенттітердің  қауымдастығы атынан оның төрағасы Әбдуғани Сейдуалиев.

Кеңес мүшелері бірден жарнама агенттіктердің қорғауға шықты.

 Шымкент қаласы кәсіпкерлер палатасы заңгерлерінің пікірінше, бос тұрған жарнамалық конструкциялар кәсіпкерлік қызмет болып саналмайды, демек, оларға салық салынбауы тиіс. ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодексінің  606-бабына сәйкес төлем мөлшері төлем ставкалары және сыртқы (көрнекі) жарнама орналастырудың нақты мерзімі негізінде есептеледі. Яғни, жарнама туралы нақты ақпарат орналастырылуы керек.

«Заңда жазылған сөздерге назар аударыңыздар: нақты жарияланған жарнамалық ақпарат!» Бос тұрған конструкция емес, қымбатты кәсіпкерлер, оған жарияланған жарнама! Кәсіпкерлер жарнама үшін төлеуі керек. Ал бос тұрған билбордтар, болмаған жарнамалық конструкциялар салық төлеудің нысандары болмауы керек. Өкінішке қарай, мемлекеттік орган заңды басқаша өзгеше түсінеді», – деді ӨКП директорының орынбасары Қайрат Акенов. Оның айтуынша, жарнама үшін салынған салық түсімдер қала дамуына бюджет түзетін бап болып отыр, алайда қазынаны кез кезлген жолмен толтыру деген сөз емес.

 Кеңес отырысында тағы бір көтерілген мәселе ШЫмкент қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы жарнама мен маңдайша жазу арасында айырмашылықты ажырата алмауы. Кәсіпкерлер өз дүкендері, орынжайлар сыртына жазған компания атауы немесе сауда белгілерін шенділер сыртқы жарнамаға жатқызып қойған. Мәселен, Шымкент қаласындағы «Эврика» ЖШС, «Сервис+» ЖШС дүкендер желісі, бірқатар кафелерді нысандардың сыртында ірі әріптер түріндегі сауда белгілері үшін салық төлеуге міндеттеген.

 Бұл компаниялар мысал ретінде көрсетіліп отыр, олардың барлығы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына шағыммен жүгінген. Шын мәнінде маңдайша жазу үшін салыққа міндеттелгендердің саны өте көп.

«ҚР «Жарнама туралы» заңының 7-1 бабына сәйкес маңдайша – ғимаратқа кірер жолдардың саны бойынша оған кірер жолдың шегінде және (немесе) алып жатқан аумақ қоршауына кірер жолда, сондай-ақ тауарларды өткізетін, жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін жерлердегі жеке және заңды тұлғалардың меншікті (жалдайтын) ғимараттарының, оларға жапсарлас құрылыстарының және уақытша құрылыстарының шегіндегі шатырлар мен қасбеттерде орналастырылатын, жеке және заңды тұлғаларды дараландыру құралдарын қоса алғанда, олардың қызмет түрі туралы ақпарат делінген. 11-баптың 1-1-тармағына сәйкес маңдайшалар сыртқы (көрнекілік) жранама нысандарына жатпайды делінген», – деп ақпарат берді ӨКП Кәсіпкерлердің құқығын қорғау бөлімінің бастығы Сәбира Адамбекова.

 Осылайша, маңдайшалар үшін бизнес салық төлемеуі тиіс. Бірақ, кәсіпкерлердің айтуынша, кейбір мемлекеттік қызметкерлер бұл құжатты басқаша түсініп, маңдайша жазу үшін салық төлетуде.

 «Заңда жарнама қайсы, маңдайша қайсы анық жазылған. Ендеше осы заңдардың талаптарына қарамастан кәсіпкерлер неге салық төлеуге мәжбүр? Мемлекеттік органдар жарнаманы өз беттерінше ажыратады. Мұнда жасырын сыйбайлас жемқорлықтың сызбасы жоқ па екен?», – деді Кеңес мүшесі Владимир Накисбаев.

 Жиын қатысушылары мәселеге нүкте қойды. Енді сыртқы жарнама нысандарына компаниялардың жеке немесе жалға алынған ғимараттарында, репертуарлар плакаттарында, айырбастау бағалары бойынша ақпараттық тақталарда, бензин бағалары туралы ақпараттық тақталарда маңдайшалар (компания атауы, сауда белгілер, бірегейлік құралдары, жұмыс кестесі) жатқызылмайтын болды.  Ал жарнама – бұл бизнесті жүргізу мақсатында жұмыстарды және қызметтерді іске асыруға бағытталған кез келген нысанда таратылатын және орналастырылатын ақпарат.

Жиын қорытындысы бойынша Сәулет және қала құрылысы басқармасы қызметкерлерінің орын алған фактілер бойынша әрекетінің заңдылығын тексеру мақсатында Шымкент қаласы прокуратурасына хат жіберу туралы шешім қабылданды. «Атамекен» ҚР ҰКП Орталық аппаратына қолданыстағы жарнама туралы заңға  «жарнама» мен «маңдайша» мағыналарына нақты түсінік беретіндей өзгертулер енгізу, нақты критерийлер, градациялар, бағалау әдістемені әзірлеу қажеттілігі туралы хат жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер