«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Лаззат Рамазанова: «Шымкенттің үлгілі тәжірибесі кең қолданатын болады»

2018 жылғы 10 Қазан
- Шымкент қаласы
11253 просмотров

Шымкентте әйелдер кәсіпкерлігін қолдау бойынша ресурстық орталық құрылады

Мұндай келісімге «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы хатшылығының басшысы, «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахимовпен кездесу барысында қол жеткізді. Осы қуанышты жаңалықпен Лаззат Керімқұлқызы облыстық Кәсіпкерлер палатасында өткен Түркістан облысының кәсіпкер әйелдерімен кездесуінде бөлісті.

«Әкімдеріңіз Іскер әйелдер кеңесі аясында әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін Шымкентте ресурстық орталық құру идеясын қолдады. Бұл Қазақстанда әлі болмаған. Әкім әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға арналған кешенді бағдарламаны әзірлеу туралы нақты нұсқаулар берді»,– деп атап өтті Лаззәт Рамазанова.

Бұдан басқа, қаланың әкімімен өңірлік Кәсіпкерлер палатасы бірлесіп кәсіпкер әйелдердің жобаларын төмен пайыздық мөлшерлемемен (жылына 5-7 пайыз) қаржыландыруға мүмкіндік беретін микрокредиттік ұйым құру туралы келісімге қол жеткізілді.

Атап өтілгендей, ресурстық орталықтың міндеті - қыздар мен әйелдерге күш-қуатын сезінуге, кәсіпкерлік қызметтің мүмкін бағыттарын беруге, бизнес жүргізу негіздерін үйрету. Жоба қосымша кәсіби бизнес- қызметтің құзыреттіліктерін, қызметтің әртүрлі салаларында жаңа дағдылар мен білімдерді алу мүмкіндігі ретінде пайдалы болуы мүмкін.

Лаззат Рамазанова атап өткендей, Палатамен бірлесіп ресурстық орталық пен шағын несие ұйымын құру – бұл пилоттық жобалар, олар табысқа жеткен жағдайда еліміздің барлық өңірлері бойынша таратылатын болады.

Жалпы, бизнес-вуменедермен мен кездесу бейресми жағдайда өтті, онда кәсіпкер әйелдер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мәселелерді талқылап, бизнес-климатты жақсарту әдістері мен өңірдегі кәсіпкерліктің даму перспективалары туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Кәсіпкерлер палатасы жанынан үш жыл бұрын құрылған іскер әйелдер Кеңесі облысымызда табысты жұмыс жасауда. Оны одан әрі дамытудың жолдарын тапқан және басымдықтарды дұрыс қоя білген кәсіпкер Алма Архабаева басқарады. Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесі құрамында Түркістан облысы аудандары мен Шымкент қаласының 120 белсенді әйелдері қосылған.

Іскер әйелдер кеңесі қызметі аясында облыстың барлық аудандарында бизнес жобаларды дайындау мен жүзеге асыруда практикалық көмек көрсету, бизнестің, әлеуметтік белсенді әйелдің мәртебесін көтеру бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Белсенді бизнес-вумендер іскерлік форумдарды, оқыту семинар-тренингтерін, жергілікті тауар өндіруші әйелдер жәрмеңкелері мен көрмелерін, түрлі қайырымдылық іс-шараларын өткізуде.

Кеңес сондай-ақ Іскер әйелдер кеңесіне бизнесте туындайтын проблемаларды шешу үшін жүгінген жұмыс жасап жатқан әйел кәсіпкерлерге де көмек көрсетуде. 2017 жылы көмек пен кеңес алу үшін өтініш берген әйелдердің жалпы саны 2981 (өтініш бергендердің жалпы санының 30% -ы).

ІӘК-нің 3 жыл жұмысы барысында облыста 3 қауымдастық құрылды: ОҚО Сүт өнімдерін өндірушілер қауымдастығы; «Ademi style» брендімен тігіншілер кооперативі және қолданбалы өнер шеберлерінің қауымдастығы (hand made).

Белгілі болғандай, ағымдағы жылдың жазында «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі  мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында әйелдердің бизнестік жобаларын дамыту және қолдау үшін 1 млрд. теңге бөлу туралы келісімге қол жеткізілді, оған сәйкес әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға жылдық 5% мөлшерлемеде 10 млн. теңгеге дейін несие ретінде алуға болады. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша 37 жоба ұсынылды. Олардың ішінде 26,4 млн. теңгеге 3 жоба қаржыландырылса, 28 млн. теңгеге 3 жоба мақұлданды, 37 млн. теңгеге 4 жоба қаралуда. Барлығы: жалпы сомасы 91,4 млн. теңге болатын 10 жоба.

Кездесуге қатысқан «Халық банкі» АҚ ОҚОФ директорының орынбасары Сәуле Кәрібаева бөлінген ақша үш айға жетпейтінін, сондықтан банк қосымша миллиард теңге бөлу туралы шешім қабылдағанын атап өтті. Банкир кәсіпкер әйелдерге несие беруде көбіне бас тартқан себептерді айтты. Бұл:

1. Банктің саясатымен кепілдік мүлкінің сәйкессіздігі;

2. теріс несие тарихы;

3. стартап-жобалар қарастырылмайды, себебі соңғы 6 айда табыс туралы растауы жоқ;

4. Қаржыландыру құрылымында бизнестің түпкілікті иесі-ер адам болса.

Жалпы алғанда, әйелдер кәсіпкерлігінің негізгі проблемалары айналымдағы капиталдың жоқтығы және екінші деңгейлі банктердің әйелдердің бизнесі түріне – қызмет көрсету секторы, тамақтану, білім беру қызметтеріне тән жобаларға жеңілдікті несиелендірудің болмауы.

Кездесуге қатысушылар өңірдің іскер әйелдер кеңесі жұмысын жүзеге асыру аясында жақын арада жүзеге асырылатын немесе жүзеге асырылған жобаларды талқылады.

Лаззат Рамазанова жұмыс жасап тұрған бизнесті қолдау бағдарламалары және ағымдағы бизнестің қажеттіліктері туралы әңгімеледі. Аймақтағы Іскер Әйелдер кеңесі қызметінің жоғары деңгейін атап өтіп, Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаеваға алғысын білдірді және жергілікті кәсіпкерлердің кездесуінде көтерілген мәселелердің барлығын одан әрі шешу мақсатында орталық деңгейде көтеретіндігіне сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер