«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жер саласындағы бассыздық

2018 жылғы 05 Қазан
- Шымкент қаласы
4082 просмотров

Түркістан облысында мемлекеттік кәсіпорын кәсіпкердің жер учаскесін тартып алмақ

Қызықты жағдай, еліміздің оңтүстігіндегі жер саласындағы бассыздықты айқындайтын мәселе кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысында талқыланды.  Бұл жолы бизнестің аяғынан шалған  әдеттегідей мемлекеттік орган емес, мемлекеттік кәсіпорын болды.

2005 жылы «Khansuar Invest Company» ЖШС-гі «Ынтымақ» акционерлік қоғамынан 22,35 гектар жер телімі бар мақта өңдеу зауытынан аукционда сатып алған.

Сәйкесінше, жер пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеу және зауыт нысандарына меншік құқығын беру жүзеге асырылды. Осы жылдар ішінде цехтар, қоймалар мен зауыттың басқа ғимараттарын серіктестік уақтылы салықтарды төлей отырып нысаналы мақсатта пайдаланды. Зауытта және серіктестіктің алқаптарында 300-ден астам адам жұмыс істеді.

2014 жылы ЖШС басшылығы оның зауытының аумағында басқа субъектінің құрылысы басталғанын білгенде, төбесінен жай түскендей болады. Анықталғандай, бұл кәсіпорын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК "Оңтүстік ауызсу" ОҚОФ болып шықты, ол «Khansuar Invest Company» ЖШС-гі жерінде су тазарту қондырғысының құрылысы заңсыз бастаған. Құрылысты тоқтату туралы талаптарды мемлекеттік кәсіпорын елемеді.

Бұдан басқа, «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорны өзгенің аумағына кіргенімен қоса, ол жерде егеленіп, тіпті жер телімін 1997 жылы «Ынтымақ» акционерлік қоғамына беру туралы жергілікті билік органдарының шешімдерін заңсыз деп тануға сот арқылы қол жеткізуге кірісті. Алайда, іс жүргізу тоқтатылды.

Осы шағымды қарау барасында Кеңес мүшелерінің арасында көптеген сұрақтар тудырды. Егер кәсіпорынның су тазарту құрылысының басынан аяғына дейін мемлекеттік ақша есебінен жүзеге асырылғанын ескерер болсақ, онда ол қалайша жер учаскесіне меншік құқығына ие құжаттары болмай құрылысқа рұқсат алған? Ал, қазводхоз мемлекеттік сатып алу қызметінен бастап, салынып жатқан нысанның авторлық және техникалық жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге дейінгі барлық кезеңдерден өткен.

«Құрылыстың барлық деңгейінде немқұрайлылық танытқан бұл адамдар кімдер? Әрине, мемлекеттік кәсіпорындар бюджет қаржысын меңгеру керек, бірақ осы жобаны жүзеге асырған барлық шенеуніктер қайда қараған? Су тазарту қондырғылары салынған, бірақ олар пайдалануға берілмейді, өйткені олар өзгенің аумағында салынған! Бұны бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудан басқа қалай айтуға болады!» – деп Кеңестің мүшелері наразылық білдірді.

Осыған орай, Кәсіпкерлер палатасы ОҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Бюросының департаментіне жүгінді. Бүгінгі күні Ұлттық бюросының облыстық бөлімшесі Мемлекеттік ішкі аудит департаментімен бірлесіп мемлекеттік кәсіпорын әрекеттерінің заңдылығына тексеру жүргізуде.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер