«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Демалыс аймағын қалай көрікті етуге болады?

2018 жылғы 11 Маусым
- Шымкент қаласы
12777 просмотров

Шетелдік маман Оңтүстік Қазақстандағы демалыс орнының қызмет көрсетуі мен табыстылығын арттыру бойынша ұсыныстар беруде

«Аға сеньорлар» жобасы аясында түрік сарапшысы Нури Орхан Авшар қонақ үй бизнесінде тәжірибе алмасу үшін Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Оның қызметін Төлеби ауданындағы «Тау самалы» демалыс аймағы басшылығы пайдалануды ұйғарды.

Нури Орхан Авшар осы немесе басқа салада шетелдік тәжірибе алмасуды көздейтін «Аға сеньорлар» бағдарламасы бойынша шақырылған.

«Бағдарлама бизнестің тиімділігін арттыру үшін екі, үш апталық кеңес беруді қамтиды. Кәсіпкерлерге арналған «Аға сеньорлар» құралы өте ыңғайлы. Өйткені, бұл нақты мәселелерді шешу үшін шетелдік мамандардың білімдерін пайдалануға мүмкіндік береді (ол өндіріске жаңа технологияларды енгізу немесе басқару әдістерін жетілдіру болсын), сондай-ақ бұл қаржылай да шығынсыз. Олардың келуі «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен төленеді. Кәсіпкерлер палатасы бұл жобаның іске асуын қамтамасыз етеді», – деді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы Берік Кенжебаев.

Түркиядан келген қонақ үй бизнесі бойынша маман Нури Орхан Авшар «Тау-Самалы» демалыс аймағының басшылығына үш аптаның ішінде жеке қызметтердің жұмысын реттеуді және мейманханалық қызмет көрсету мен қонақ үй нөмірлерінің едәуір жақсаруына көмектеседі. Нури Орхан Авшар іскерлік тәжірибесі бар, қонақ үй бизнесі туралы толығымен білетін және өзінің жұмыс тәжрибесімен адамдарға сенім ұялататын кәсіпқой.

«Тау-Самалы» демалыс аймағы Төлеби ауданында, облыс орталығынан 45 шақырым жерде, ауасы ең таза және көркем табиғаты бар таулы ауданда орналасқан. Әлемдік стандарттарға сай келетін сәнді үйлер, мейрамханалар, барлар және бүкіл 30 жайлы ағаш коттедждерден тұратын бұл аймақта демалуға тілек білдірушілер саны үзілмейтіндей көрінеді.

«Біз демалыс орнына келген клиенттерге мониторинг жасап, қонақтарымыздың біраз бөлігі бізге қайтадан оралмайтынын анықтадық», дейді демалыс орнының басшысы Нұржан Мейрханов. – Қорытынды жасадық: біз қызмет көрсету деңгейін күшейтуіміз керек. Түрік сарапшысын біз дәл осы мақсатта шақырдық: қызмет сапасын жақсарту және қызметкерлерді бақылауды автоматтандыруды енгізу. Ол бізге мейрамханалық қызмет көрсету мен сатылымға қатысты көптеген құнды кеңестер беріп, кіріс тобы мен ресепшеннан бастап қызметкерлердің қызет көрсетуімен жалғастыра отырып, барлығына назар аударды».

Сарапшы демалыс орны басшылығына оның қызметін жан-жақты талдаудан кейін нақты ұсыныстар беретін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер