«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

AZALA – біздің импортқа жауабымыз

2018 жылғы 22 Мамыр
- Шымкент қаласы
6899 просмотров

Былтырғы жылдың аяғында «Жасампаз» консорциумының мүшесі болып табылатын «Azala textile» компаниясы «Іскер» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды.

Бұл арнайы марапатты ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен 2015 жылы ұсынылған және бұл сыйлық өз өнімдерін және сапасын жақсартуға тырысатын кәсіпорындарға беріледі. Марапаттау рәсімі ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығына және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі аясында өтті.

Қуаты 2 800 тонна иірілген жіп пен жылына 14 млн метрлік қатты мата өндіретін «Azala textile» мақта комбинаты Шымкент қаласында орналасқан. Өнімнің жоғары сапасы арқасында зауыт Қазақстандық жеңіл өнеркәсіптің көшбасшыларының бірі ғана емес, сондай-ақ тоқыма бұйымдарының халықаралық бренді ретінде өзін ұстанады.

Қазақстандық тұтынушыларды осындай отандық өндірушіні қолдауға көндірудің қажеті жоқ: өнімнің сапасына сенімді бола отырып, сатып алушы өзі дұрыс таңдау жасайды. Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстандағы тұрмыстық тоқыма бұйымдарының жоғары сапалы және қолжетімді өнімдері бар «АЗАЛА» тауар белгісі тек ішкі нарыққа ғана емес, сыртқы нарықты да сенімді түрде жаулауда. Мұнда импортты алмастыру және экспортқа бағытталған. «Azala textile» ЖШС өнімдерін ТМД елдеріне, сондай-ақ Германия, Италия, Польша, Бельгия, Дания, тіпті Түркияға шығаруылуда.

Зауыттың барлық өнімі ұлттық және халықаралық сапа стандарттарының талаптарына сәйкес сертификатталған. Өнімдер гигиеналық, гигроскопиялық, қоршаған ортаның дұрыстығына, тозуға төзімділігімен ерекшеленеді. 2015 жылы компания ISO 9001: 2008 менеджмент жүйесінің халықаралық сертификатын алды.

«Кластер» деген өте танымал термин осы комбинатты толығымен сипаттайды: мақтаны өздері өсіреді, әртүрлі маталарды шығарып өздері өңдейді, содан соң дайын өнімді тігеді. Өндірістің толық циклі әрбір кезеңде жоғары сапалы өнімдерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Үш жыл бұрын «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысу арқылы зауыттың өндірістік қуаттары кеңейтілді: бояу және тігін цехтары қосылды. Қайта құрудан кейін «Azala textile» ЖШС толықтай өндірістік циклы бар Қазақстанда тұңғыш тоқыма өндірісі болды. Бүгінгі күні ол ең үлкен, жылына 2 800 тонна иірілген жіп және 14 миллион мықты мата, 7 миллионнан астам түкті өнімнен, 2 миллионнан астам төсек-орындар шығарады.

Бұл зауыт қуаттылығымен де таң қалдыруда. Үлкен цехтарда – Benninger (Швейцария) және Picanol (Бельгия) шығарған заманауи технологиялық станоктармен жабдықталған. Жұмысщылардың орнына автоматтандырылған жабдықтар көрсетілген жұмысты жасауда. Жарамсыз өнімдерді анықтайтын арнайы цех та жұмыс жасайды. Маталардың барлығын  жарықтарда талаптарға сәйкес келулерін мұқият тексеріледі.

«Өндірістік циклде компьютерлік бақылау жүйесімен және қолмен басқару қажеттілігін жоятын белгіленген жұмыс параметрлерін реттеп отыратын жүйемен жабдықталған. Технологиялық процесс мақта тазалаудан басталады. Келесі кезең – иірілген жіп өндіру, содан кейін - қатты маталарды шығару. Бұл жартылай фабрикаттардың бір түрі. Бояу үшін пайдаланатын бояуларға біз жоғары талаптар қоямыз, оларды зертханамызда қосымша зерттейміз. Біздің өніміміздің сапасы негізінен соларға байланысты. Бояғыштардың тұрақтылығы – бесінші дәреже. Бұл дегеніміз, бұйымдардың түсі оңып кетпейді. Олар жиі жуудан немесе жоғары температурадан қорықпайды. Ал бояғыштың  қазір бізде 30-дан астам түсі бар», – дейді зауыттың бас конструкторы  Е.Перовская, зауытта экскурсия жүргізіп.

Төсек жиынтығын шығарумен дизайн бөлімі арқылы айналысады. Бүгінгі таңда ассортиментте әр талғамға 70-тен астам сурет бар: гүлдік әшекейлер, геометриялық, балаларға арналған және ұлттық ою өрнектер. Тапсырыспен жасауға да болады. Бязь, сатин, ранфорс - төсек-орын заттары тұтынушылар үшін ең танымал мата. Тұрақты әрі ыңғайлы. Сұранстарды ұдайы зерделеп, «Azala textile» ЖШС мамандары тұтынушының барлық үміттерін ескеруге тырысады. Бұл табысқа жетудің әмбебап формуласы, ол өзінің тиімділігін дәлелдеді: жоғары сапа және қол жетімді баға.

Сұраныстарды зерделей келе, «AZALA Textile» бірте-бірте отандық жеңіл өнеркәсіп саласындағы орнын толтыруда  өнімнің номенклатурасында қатал, жеңіл боялған, басып шығарылған және түкті маталардан соң ҚР Қарулы Күштерінің жабдықтауға да мүмкіндік беруде.

 «AZALA Textile» ЖШС – «Жасампаз» консорциумының мүшесі. «Казинжиниринг» ұлттық компаниясы және ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша әскери киім маталарын шығаруда. Өткен жылдың жаңалығы - түкті жаккард. Маталардағы болашақ үлгіні салуға станок компьютерінде тапсырма беріп, мыңдаған инелер матаға бірнеше секундта сурет салып шығаруда Бүгінде бұл компания елдегі бірде-бір тоқыма кәсіпорыны жасай алмайтын артықшылықтарымен ерекшеленеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер