«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Импортты алмастыру – басты бағыт

2018 жылғы 09 Сәуір
- Шымкент қаласы
10080 просмотров

Өңірлер өз өнімдерін белсенді дамытып қолдауы керек

 Шымкент қаласында өткен Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесі отырысында Тимур Құлыбаев бизнесмендерді осы бағытқа назар аударуға үндеді.

Жиын барысында Тимур Құлыбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жұмысы нәтижесіне кеңінен тоқталды. Төралқа Төрағасы «Атамекен» қысқа мерзімде бизнестің мүддесін қорғайтын бірегей институтқа айналғанын атап өтті. Қазақстан үшін жаңа түсінік – бизнес-омбудсмен институты енгізілді. Оның биік мәртебесі мен кең уәкілеттілігі отандық бизнестің жүйелі мәселелірін шешіп, кейбір шенеуніктердің заңсыз әрекетін әшкерелеп, заңнамадағы олқылықтарды жоюда тиімді күресуге жол ашады.

2013-2017 жылдар аралығында бизнесті қорғау бойынша Ұлттық кәсіпкерлер палатасына 22 мыңнан астам өтінім түсті, оның 40 пайызы бизнес пайдасына шешілді. Соның нәтижесінде кәсіпкерлер құқығы жалпы сомасы 92 млрд теңге көлемінде қорғалды. Бұл – алып тасталған айыппұлдар, өсімақы, мемлекет органдарынан қайтарлыған ақша, сонымен қатар бизнестің сақталған мүлігі.

Әлеуметтік мәселлер тізіліміне енген мәселелердің (575-тен 393 мәселе) 68 пайызы шешілді. «Атамекен» ҰКП төрт жылдан астам уақытта 20 мыңнан астам нормативті-құқықтық актілеріне сараптама жүргізді. «Атамекен» ҰКП жасаған ескертпелер мен ұсыныстардың шамамен 73%-ы (6 500 жоба бойынша) мемлекет органдарымен ескерілді. Мәселен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бесленді атсалысуымен жаңа Салық кодексі әзірленді, онда ШОБ субъектілері үшін арнайы салық режимдері мен ҚҚС-тің шекті мәні сақталды, әкімшіліктендіру айтарлықтай оңтайландырылды.  

 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының белсенді қатысуымен 2014 және 2017 жылдары бақылау-қадағалау функцияларына екі ірі реформа жүргізілді. Мемлекеттік органдардың 540 фукциясының 137-сі жойылды, ал талаптар саны 56%-ға (17 мың) азайды, 1 мыңға жуық тексеруші қызметкер қысқарды.

 Тимур Құлыбаев қылмыстық және әкімшілік заңнаманы ізгілендіру бойынша жұмысты атап өтті. «Атамекен» ҚР ҰКП бастамасымен жалған кәсіпкерлікке қатысты бап алынып тасталды.

 «Қізргі таңда назар мемлекеттік қызмет автоматтандыруға, сонымен қатар өзін-өзі реттеу мен қоғамдық бақылау арқылы бизнестің адалдығын арттыруға ауып отыр. Соңғы орын алған жағдайлар салдарынан (лифт қызметі жолаушылар тасымалы сауда орталықтары қоғамдық тамақтандыру және т.б.) адам өмірі мен қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілікті күшейту керек», – деді  Атамекен» ҰКП Төралқа Төрағасы.    

Тимур Құлыбаев бизнесті импортты алмастыру мәселелеріне назар аударуға үндеді. Қазіргі таңда Өзбекстанмен қарым-қатынас артып, экономикалық байланыс кеңейіп жатыр. Осы ретте өзбекстандық тауар өндірушілерімен экономикалық бәсекелестік жоғарылайды. ОҚО өзбек туаралары жолында бірінші тұрған аймақ. Бұл күрделі мәселе, осы бағытта отандық тауар өндірушілерді барынша қолдау керек.

«Өңірлер өз өнімдерін дамытуға және қолдауға белсене араласуы керек. Көптеген елдерде: Ресей мен Өзбекстанда ғана емес, тіпті Құрама Штаттарда да өз кезегінде өз өндірістерін қорғауға және жұмыс орындарына күрес басталуда. Яғни, «салауатты» протекционизмге және импортты алмастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл «қарапайым заттардың экономикасы» деп аталатын – негізінен импортталатын, қажет уақытта өз өндірістерін ұлғайта алатын өндіріс өнімдері. Бүкіл саясат отандық және шетелдік нарықтардағы нақты сұранысқа негізделген», – деді Тимур Құлыбаев.

Орталық деңгейде «Атамекен» ҰКП  нарықты (тұтыну нарығы, мемлекеттік сатып алулар, сыртқы нарықтар) талдау және кәсіпорындарды паспорттау бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Тек екі салада – машина жасау және тамақ өнеркәсібі бойынша ішкі сұраныстың 63%-ы 5 трлн теңге импорт есебінен қанағаттандырылды.

Нақты тауарлар деңгейіндегі салаларға тереңірек үңілу және отандық тауар өндірушілерді алмастаратын импорт іздеу қажеттілігі айтылды.

«Көп тауарлар үшін өз өндірушілеріміз бар. Біз барлық ірі және орта, жекелеген шағын 1,5 мыңға жуық кәсіпорынға паспорттау жүргіздік. Олардың барлығы 50-60%-ға жүктеледі. Импортты алмастыру әлеуеті зор. Осындай жұмысты өңірлік деңгейде бастау керек», – деді Тимур Құлыбаев.

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының қызметі туралы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы ШОБ үшін кәсіпкерлікті дамыту және инфрақұрылымды дамыту туралы, облыстық палата директоры Асқар Әбубәкіров айтып өтті. Ол облыстың кәсіпкерлік субъектілерінің саны жағынан алдыңғы орында екенін атап өтті. Мұнда 179,5 мың ШОБ шоғырланған.

Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының заң бөлімінің қызметкерлері кәсіпкерлерді қорғауды тиімді іске асырып келеді. Өткен жылы 257 өтініш оң шешілді, бұл келіп түскен барлық өтініштердің жартысынан астамы. Оңтүстік Қазақстанның бизнестегі сақталған қаражат көлемі 4,5 млрд. теңгені құрады. Кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу фактілеріне жылдам әрекет ету және бизнеске тиімді көмек көрсету үшін ӨКП-мен арнайы іске қосылған үш жоба табысты жұмыс атқаруда:

1.      мемлекеттік органдармен және табиғи монополия субъектілерімен байланыс топтары (2017 жылы 134 проблемалық бизнес-мәселе оң шешімін тапты);

2.      «Кәсіпкерлікке жедел жәрдем» жобасы (162 мәселе оң шешілді);

3.      Электр қуатының электронды картасы (84 кәсіпкерге техникалық жағдайларды алуға көмектесті).

Жергілікті тауар өндірушілерді қолдау мақсатында Өңірлік палата отандық тауар өндірушілерінің әр сала бойынша тізімін әзірледі. «ONTUSTIK ONIMDERI» атты 1000 оңтүстікқазақстандық тауар өндірушілері қамтылған 3 тілде шығарылатын бұл топтамада компаниялар мен мобильді қосымшалар туралы толығырақ ақпараттар енгізілген.

Аймақтық бизнеске қатысты ҰКП бастамаларының бірі – коммуникациялық іскерлік жайларды бизнеске жалға беру арқылы шағын өнеркәсіптік аймақтар құру. Жалпы алаңы 143 гектарды қамтитын, жаңа нысандар салуға арналған жер учаскілері мен дайын инфрақұрылымы мен ғимараттары бар «Атамекен-Ордабасы» индустриялық паркі жобасы сәтті жүзеге асуда.

Бүгінгі күні мұнда 21 ШОБ субьектілері орналасқан. Осы алаңдарда жобаларды орналастыру үшін инвесторларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұдан басқа, «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтарының аумақтарында жеңілдетілген бағамен өндіріске дайын алаңдарды ұсынатын «Brownfield» индустриялық инкубатордың құрылысы жүргізілуде. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда, өйткені облыста 66 бос тұрған кәсіпорындар мен бос орындар анықталды.

Бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін Палата және қала әкімдігі функционалдық аймақтарды, қызыл сызықтарды және басқа құрылыс нормаларын көрсете отырып, Шымкент қаласының интерактивті картасын жасады. Кез-келген кәсіпкер shymkent.genplan.kz сілтемесі бойынша қаланың кез-келген жер учаскесі туралы барлық ақпаратты таба алады. Карта Шымкенттің әкімдігінің интернет-ресурсында ашық қол жетімді. Мұнда жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін де, қаланы дамыту жоспарларын да көрсетеді, бұл да инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын бағалауға мүмкіндік береді.

Сатып алудағы үлесті арттыру мәселесін шешу үшін Палата қызметкерлері ОҚО ірі және орта кәсіпорындарының мәселелерін анықтау және шешуге арналған жұмыс тобынның құрамына қосылды. Өткен жылы олар мемлекеттік қаражат есебінен Оңтүстік Қазақстан облысындағы 55 құрылыс алаңына мониторинг жүргізген болатын. Мониторинг барысында аналогтары ОҚО мен республиканың басқа аймақтарында өндірілетін, шетелдік өндірістің материалдарын пайдалану фактілері анықталды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері Оңтүстік Қазақстан облысы әкіміне тапсырылды.

Өңірлік палата Аймақтық кәсіпкерлер палатасы сайтында орналастырылған және жаңартылып отыратын отандық тауар өндіушілер тізімін жүргізіп отырады, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен салынатын объектілердің «К» қосымшасында (Қазақстандық мазмұнда) жобалық-сметалық құжаттамада қазақстандық қамтудың үздіксіз мониторингін жүргізеді.

Кәсіпкерлер палатасы облыс өнеркәсібінің 7 саласы бойынша кәсіпорындарды паспорттау жұмыстарын жүргізді. 2017 жылы кәсіпорындар 57 пайызға жүктелгені белгілі. Салалардың ең аз жүктелген кіші саласы – сүт өнімдері кәсіпорындары (44%), мақта өңдеу кәсіпорындары (49%).

Кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін проблемалық мәселелер туралы, кәсіпкерлер өздері айтып берді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер