«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлер қала әкімінен не сұрады?

2018 жылғы 03 Наурыз
- Шымкент қаласы
11752 просмотров

Қаланың шенеуніктері және бизнестің байланысын барынша азайту - бұл қала әкімінен кәсіпкерлердің сұрағыны.         

           Шымкентте қала әкімі Нұрлан Сауранбаевтың кәсіпкерлермен алғашқы кездесуі өтті. Таяуда 100 күндік жұмысын тойлаған қаланың басшысы дереу кәсіпкерлерді ашық сұхбатқа шақырды – бизнес өз қызментінде кездесетін әкімшілік кедергілер мен жүйелік проблемалар туралы әңгімелесіп, және кәсіпкерлермен Шымкент қаласын қалай ең үздік және бәсекеге қабілетті қалалардың біріне айналдыру мәселесі талқыланды.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров қазіргі таңда ҚР «Атамекен» ҰКП-мен әкімшілік кедергілерді төмендету, кәсіпкерлерге өз құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға қажетті қолдау көрсетудің жеткілікті механизмдерін құру бойынша үлкен жұмыс атқаратынын, жергілікті және ұлттық деңгейде әрекет етіп жатқанын атап өтті.

Дегенмен, кәсіпкерлер жергілікті деңгейде- қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жәйбасарлығынан туындайтын мәселелерді көтерді.

Мысалға, кәсіпкер Болат Нәжмедин жер қатынастары бөлімшелерінің жер теліміне құқықтық құжаттарды дайындау мерзімін кешіктіретіндігі туралы мәселені көтерді.

«Бөлімдердегі құжаттар біріктіріліп, бір мезгілде 115 данада қол қойылады! Бүгінде кәсіпкерлер өткен жылдың жазында немесе күзде тапсырған жер учаскелері туралы шешімнің жобалары әлі де қараусыз жатқандығына сенімдімін!»- деп кәсіпкер наразылығын білдірді.

Бұдан басқа, бизнес-нысандарға арналған энергетикалық ресурстардың жоғары тарифтері, белгілі бір аумақта инженерлік коммуникациялардың болуы туралы ақпараттың жетіспеушілігі, кәсіпкерлер шығарған жергілікті өнімдерді сатуға арналған тұрақты сауда-көрме орталығын ұйымдастыру, жаңа бизнес нысанын салу құрылына жер алу қиындықтары туралы сөз көтерілді. Кәсіпкерлер әр кезде жаңа әкім қаладағы бизнес жүргізу талаптарына өзгертулер енгізгеніне наразылық білдірді, бұл кәсіпкерлер үшін жаңа шығындар. Қаланың шенеуніктері және бизнестің байланысын барынша азайту - бұл қала әкімінен кәсіпкерлердің сұрағыны. «Сіз бізге тек кедергі келтірмеңіз!» - дейді олар, - өзіміздің кәсіпкерлік қызметіміз қандай дәрежеде байланысты болатын қаланың барлық шенеуніктеріне айтқым келеді.

Билік пен бизнестің өзара іс-қимылының егжей-тегжейін талқылау барысында Шымкент қаласының әкімі кәсіпкерлікті дамыту жолындағы барлық әкімшілік рәсімдерді оңайлататын арнайы комиссия құруды ұсынды (заңға сәйкес) және артық түсініспеушілік болмау үшін, кәсіпкерлерге рұқсат құжаттарын  беру мерзімін үшін айтарлықтай қысқартты.

Қала басшысы инвестицияларды тартуға ерекше назар аударды. Оның айтуынша, кәсіпкерлік Шымкенттің дамуында қала қалыптастырушы рөл ретінде маңызды қымет атқарады. Көптеген кәсіпкерлер еліміздегі үшінші қала ретінде қалаптасуына айтарлықтай үлес қосуда. Бұл үшін отандық инвесторларды да қолдау қажет.

«Шымкент - бұл бай қала, бізге қаланың дамуына қаражат салғысы келетіндерге жағдай жасауымыз керек», - деді қала әкімі. «Бізде қаражат табуға болатын көптеген қызықты жобалар бар».

Қала басшысы қалада қызықты нысандар тұрғызғысы келетін кәсіпкерлермен тікелей жұмыс жасайтын жаңа лауазымды - инвестициялық кеңесші  енгізуге  ұсыныс жасады. Негізгі шарты – кәсіпкердің бұл үшін қаражатының болуы. Тек осы жағдайда оған барлық түрдегі әкімшілік қолдау көрсетіледі.

Кәсіпкерлерге мемлекеттік-жеке серіктестік аясында белсенді түрде қатысу мүмкіндігін пайдалануға шақырылды. Әсіресе, бұл балабақшалардың құрылысына қатысты және осы жылдан бастап мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде жеке мектептер құрылатын болады.

Мегаполистің сәулеттік көрінісі де әңгіме тақырыбы болды.

«Біздің қаламыздың өз ажары мен өз стилі жоқ», - деді Н.Сауранбаев.- «Бұл өте маңызды, өйткені Шымкент туризм орталығына айналуы керек, әсіресе, 2020 жылы ТМД-ның мәдени астанасы мәртебесіне ие болады. Көптеген іскерлік объектілер «қызыл сызық» бойында салынған, көптеген  базарлар, тротуар алынған, көшелердің жарықтандыруы төмен».

Сұхбат барысында қоғамдық көліктік жұмыс тақырыптары, әлеуметтік бағыттарға субсидиялар және жаңа автобустар енгізу қажеттілігі туралы айтылды.


 

«Мен бизнесте 9 жыл жұмыс істедім, сондықтан кәсіпкерлерде кездесетін проблемалары туралы жақсы білемін», - деді әкім. -Мен кәсіпкерлердің әкімге есеп бермеуі керек және билік пен кәсіпкерлердің өзара іс-қимылын азайтуға, әкімшілік кедергілерді төмендетуге және тұрғындарға қолайлы жағдай жасап, нысандар тұрғызатын адамдарға қолдау көрсету қажет деп есептеймін».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер