«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлікке бейім өңір

2017 жылғы 14 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
4075 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысы  «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыруда үздік өңір болып танылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын, «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының құрауышы «Бастау Бизнес» жобасы жыл басынан бері ОҚО бойынша 8 ауданды қамтыды. Жалпы 1500 адам оқуға қатысып, 400-ден астам адам өз кәсібін ашты. Нәтижесінде, Оңтүстік Қазақсан облысы «Бастау Бизнес» жобасын жүзеге асыруда үздік өңір болып танылды.

«Бұл жобаға қатысушылар дені жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және бастауыш кәсіпкерлер. Олар жоба бойынша 1 айлық оқу курсын аяқтады және біздің палата сарапшылары оларға жеңілдетілген несие алу үшін құжаттарды дайындауға көмек көрсетті. «Бастау Бизнес» жобасының барлық қатысушылары Кәсіпкерлер палатасының тегін сервистік қолдауымен, яғни қаржылық есептілікті, заңдық қолдауды, кеден қызметтерін, несиелеу бойынша және басқа да жобаларын сүйемелдеуге қөмектесетін болады», – деді  ОҚО кәсіпкерлер палатасы қаржылай емес көмек көрсету жөніндегі бөлім басшысы Данияр Дәрмен.

Жоба тыңдаушысының бірі, Ордабасы ауданының Қарааспан ауылының тұрғыны Ілесбек Құттыбаев оқуды аяқтаған соң, ЖК «Бейбарыс» атты өз жеке кәсіпкерлігін ашқан болатын. Кәсіпкер өз бастамасын жеке қаржысына бастап, пластик терезелерді дайындау бойынша цех ашты.

«Бастау бизнес» жобасын Ордабасы ауданында іске асырып отырған бизнес-тренер Ерболат Назирханұлы кәсіпкерліктің қыр-сырын жетік меңгерген маман екен. Тренинг өте жоғары көңіл-күйде, ең бастысы пайдалы өтті. Бізге, яғни, қарапайым халыққа кәсіпкерліктің не екенін теория жүзінде емес практика жүзінде «мынау былай болады», «былай жасасаңыз ұтасыз» деп  тренинг жүргізетіндігі мені қызықтырды», – дейді кәсіпкер Ілесбек Құттыбаев.

Қазіргі күні кәсіпкер тек пластик терезелер шығарумен ғана шектелмей, ірі қара мал бордақылау үшін Ауыл шаруашылық қаржылық қолдау қорынан несие алу үшін палата қызметкерлері көмегімен қажетті құжаттарды өткізді. Нәтижесінде өтініші қолдау тауып, кәсіпкерлігін ұлғайтқалы отыр. Осылайша, Бастау Бизнес жобасы арқылы кәсіпкерліктің қыр сырын үйренген кәсіпкер, өз кәсібін ұлғайтып, жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамтуда. Айта кетейік, «Бастау Бизнес» жобасы 2018 жылы да жалғасын табады. Махтарал, Қазығұрт, Сайрам, Сарыағаш, Отырар, Ордабасы, Түлкібас, Төле би, Шардара, Созақ, Арыс аудандарын қосқанда, жалпы 11 ауданды қамтып оқу жұмыстарын жалғастыру жоспарланып отыр. Жобаға қатысуға ниет білдірген болсаңыздар, 8 702 3231010, 8 7252 394994  нөмірлеріне хабарласыңыздар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер