«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бірегей жеміс сақтау орны жұмысын жалғастырады

2017 жылғы 11 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
8606 просмотров

Ұлттық палата сарапшылары құны  630 млн теңгені құрайтын  инвестициялық жобаның тоқтатылуына жол бермеді

Шымкент қаласының жер комиссиясы жеміс сақтау қоймасын салу үшін жер телімін жалдау мерзімін ұзартудан бас тартуы инвестициялық жобаны әрі қарай іске асыруды тоқтату қауіпін төндірді. Кәсіпкер бас тартуды негізсіз деп санап, ОҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Жобаның тарихы 2015 жылы басталған болатын, «Александровский Сад» ЖШС сату логистикалық орталығы аумағында 3 гектар жерді екі жылға жалға алған. Кәсіпкер  2000 тонна өнімділікке ие Қазақстанда бірегей  жеміс сақтау қоймасын салуды жоспарлады. Инвестициялық жобаның құны - 630 млн. теңгені құрады. Қойма кешені қазіргі заманға сай жабдықтармен, яғни,   бөлінген газ ортасын тазалайтын тоңазытқыш камералармен, мұздатқыш камералар, жууға арналған технологиялық желілер, іріктеу, мөлшері бойынша сұрыптау және жеміс-жидектерді қаптау, жаңа сығылған шырындар мен алма және көкөніс чипстерін шығаратын халықаралық стандарттарға сәйкес технологиялармен жабықталуы керек болатын. Алғашқы кезеңде компания айтарлықтай қаражат жұмсады – жалдау ақысын уақытылы төлеп, аумақты қоршап, учаскенің топографиялық түсірілімін жүргізді, сәулет жобалау тапсырмасы, бизнес-жоспар және кәріз желілерін салу               

 Бірегей жеміс сақтау орны жұмысын жалғастырады! жобасын және жеміс сақтаудың технологиялық бөлігінің жобалау құжаттамасын әзірледі. Барлық жүргізілген жұмыстар мемлекеттік органдармен келісуді талап етті. Кәсіпкер компанияның жалға алу келісімшартында көрсетілген мерзімге дейін үлгермейтіндігі туралы Шымкент  қаласының әкімдігіне белгіленген мерзімде хабарлап, жалға беруді тағы екі жылға ұзартуды сұраған болатын.  Бірақ,  Шымкент қаласының жер комиссиясы мерзімін ұзартудан бас тартты. Олар бас тартудың себебін компания бұл мәселені Шымкенттің әуежайымен келісу керек екендігімен түсіндірді.

        «Бұның қажеттілігі жоқ!», - дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директорының орынбасары Қайрат Акенов. - Әуежаймен келісу - жай ғана  негізсіз сылтау.  Кәсіпкерлер палатасы өз тарапынан, «Александровский Сад» компаниясына  «ОҚО бизнес» аймақтық үйлестіру кеңесі отырысында қолдау көрсетіп,  Шымкент жер комиссиясының кезекті отырысында жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы оң шешім қабылдауы қажет екендігі туралы дәлелдер келтірді.

Палатаның дәлелдері негізге алынып, комиссия мүшелері тарапынан қолдау тапты. Нәтижесінде жер учаскесін жалдауды екі жылға ұзарту туралы оң қорытынды жасалды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер