«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік орган қателік жіберді

2017 жылғы 27 Маусым
- Шымкент қаласы
10214 просмотров

Оңтүстік Қазақстанда кәсіпкер өтінімі өз пайдасына шешілген

«АКСЕМСЕР-СТРОЙСЕРВИС» ЖШС биылғы жылдың басында Шымкент қаласының сыртқы жарықтандыру жүйесін жөндеу және қалпында ұстау байқауына қатысқан болатын. Байқауды Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы ұйымдастырды. Алайда кәсіпкер өтінімін қабылдамай қойған.

Байқау қорытындысы хаттамаында көрсетілгендей, кәсіпкерге «еңбек ресурстары талаптарға сәйкес келмейді» деген желеу айтылған. Атап айтсақ, компания 1 электрик және 5 автогидрокөтергіш операторына құжаттарды тапсырмаған-мыс.

«Байқауға қатысу үшін ЖШС электриктер штатын 11 адам (ал талап бойынша құжаттарда электрлер штаты 10 адамды құрау керек), операторлар штатын 6 адам деп көрсеткен. Барлық құжаттардың электронды копиялары байқау құжаттамаларына бекітіліп мемелекеттік сатып алулар порталына берілген. Демек, байқауға қатысушы тарапынан барлығы дұрыс жасалған, алайда өтінім байқаудан тыс қалған», – деді Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының мемлекеттік сатып алулар бойынша сарапшысы Бекжан Тайғашов.

Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі өкілетті орган – ОҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіне сатып алуды ұйымдастырушының әрекетін тексеруді өтінді. Департамент камералы бақылау өткізіп, кәсіпкер өтінімі заңсыз алынып тасталғанын растады. Департамент Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне ескерту жіберіп, түйіткілді  шешуді тапсырды. Осы ескертпе негізінде байқау қорытындысы қайта қаралып, нәтижесінде «АКСЕМЕР-СТРОЙСЕРВИС» жеңімпаз болып танылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер