«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сот шешімі жарамсыз деп танылды

2016 жылғы 04 Тамыз
- Шымкент қаласы
12171 просмотров

Шенеуніктің атүсті қарауынан ірі компания құрылыс лицензиясы мен 3 миллион теңгесін айырылып қала жаздады

Кәсіпкерлер палатасына «Береке А» корпорациясы» ЖШС келіп жүгінді. Оның айтуынша, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы компания күрделі жөндеуден өткізген Сарыағаш ауданындағы автожолдың сапасын тексерген. Тексеріс барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Мемлекеттік орган сотқа беріп, «Береке А» онда жеңіліс тапқан. Корпорацияға 2,96 миллион теңгеге тең айыппұл салып, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тыйым салған. Сот шешімімен келіспеген фирма апелляцияға берген. Сонымен қатар, компания басшылығы, Кәсіпкерлер палатасына жүгінді.

Палатаның облыс прокуратурасымен бірлесе құқық қорғау бойынша жүргізген шаралары аясында көптеген қызықты жайттар анықталған. Қаулы енгізу кезінде сот кей маңызды жайттарды назарға алмаған, дәлірек айтсақ: тексеріс әлі аяқталмаған нысанға жүргізілген, сонымен бірге ОҚО МСҚБ басқармасының маманы А.Ибрагимов құрылыс материалдарының сапасын тиісінше анықтамаған. Қажетті сараптама тағайындап, зертханалық зерттеулер негізінде ғана шешім шығарудың орнына ол тек көзі көргені бойынша ғана ұйғарым жасаған. Осылайша, ол жол жасауға пайдаланылған құрылыс материалының гранулометрикалық құрамын өздігінен анықтай салып, оның сапа стандартына сай келмейтінін және батпақты бөлшектерінің көп екенін көз мөлшермен байлам жасай салған. Бұл уақытта фирманың қолында барлығы дұрыс екенін растайтын зертханалық зерттеулер деректері болғанын айта кету керек.

«Береке А» корпорациясы тексеріс актісі бойынша сәйкес келмеушіліктерді анықтау үшін сот сараптамасын белгілеу туралы арыз бергенімен, сот бұл арызды қанағаттандырмаған және өзге де жайттар секілді қаулыда көрсетпеген.

Жоғарыда айтылғандар негізінде, өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде, Кәсіпкерлер палатасы облыс прокурорына прокурорлық ықпал ету шараларын қолдану туралы өтініш айтқан.

Әкімшілік істің қайта қаралуына жеке қатысқан облыстық прокуратура өкілі жоғарыда баяндалған дәлелдерді келтірді.

Жақын күндері  ОҚО азаматтық істер жөніндегі сот төралқасы «Береке А» корпорациясы» ЖШС тарапын ҚР ӘҚжК 2 тарауы 312 бабы бойынша айыпты деп тану туралы сот шешімін жарамсыз деп тапты. Оның себебі, негізге ала отырып шешім шығарылған жайттардың дәлелденбеуі болды. Осылайша, компания 3 миллион теңгеге жуық қаражаты мен құрылыс-монтаждау жұмыстарын жасауға қатысты лицензиясын сақтап қалды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер