«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шектен шыққан әрекет

2016 жылғы 29 Шілде
- Шымкент қаласы
11733 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерінің заңға қайшы әрекетін бассыздық деп атады 

«Elvan» түрік бренді тәтті тағамдарын импорттайтын жергілікті  «Смак групп»  фирмасы Кәсіпкерлер палатасынан көмек сұрады. Ағымдағы жылдың көктемінде компания ОҚО Мемлекеттік кірістер департаментінен кедендік бақылау жүргізу мақсаты бойынша қажетті құжаттар сұралған хат алған. Фирма әдеттегідей ресми хатпен  барлық сұралған құжаттарды жолдаған. Осыдан кейін МКД қызметкерлері жиі телефон шалуды бастаған, олар құжаттардың бәрі бұған дейін жіберілсе де, ауызша түрде әр құжатты кезек-кезек талап ете беріпті.

Компания сұралған құжаттар қайта жолдаса да, салықшылар сұрауын тоқтатпаған. Салық қызметкерлері тарапынан қорқыту-үркіту басталып, олардың компанияға келуі жиілейді, директормен кездестіруді талап етеді.   Салық қызметкерлерінің талаптарын негізсіз және заңсыз деп санаған фирма ОҚО Кәсіпкерлер палатасына шағымданды. Компания басшылығы  шағымында «МКД қызметкерлерінің әрекеті 20 адам еңбек ететін ұжымды  мазалап отыр. Мемлекеттік орган тарапынан көрсетілген қоқан-лоққы кесірінен бизнес субъектісі өз жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды», – деп жазылған.

Палата сарапшылары кәсіпкерлердің құқықтарын  қорғау үшін ОҚО МКД басшылығына салық төлеушінің заң бойынша барлық сұралған құжатты ұсынғанын ескере отырып, департамент қызметкерлері іс-қимылын заңдық тұрғыдан қарауды сұрап өтініш білдірді. Оған ОҚО МКД басшысы орынбасарының қолы қойылған ресми жауап келді: ол компания барлық құжаттарды ұсынғанын растады, егер құжаттарға тағы да қажеттілік туындаса, департамент ҚР «ҚР Кеден ісі туралы» Кодексінің 202 бабына сәйкес тек жазбаша түрде сұрай алады» делінген хатта.

«Бұл жағдайда бақылаушы орган  қызметкерлерінің өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны байқалады, – дейді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Майя Исаева, – Келіссөзді ауызша жүргізгендеріне қарағанда, олар басшылықпен ақылдаспай әрекет еткен сияқты. Дегенмен, олардың өз қызметкерлерінің іс-әрекетіне ешқандай баға бермеуі, ісіне салақ қараған салық қызметкерлерін жазаламауы бізді қынжылтады». 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер