«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алдымен Кәсіпкерлер палатасына барыңыз!

2016 жылғы 23 Маусым
- Шымкент қаласы
15973 просмотров

Ауыл кәсіпкері екі жыл қатарынан жылыжайды несиелендіруді сұрап, банк табалдырығын текке тоздырды

ОҚО Сайрам ауданының кәсіпкері Сұлтан Бәйтереков өзінің шағын жылыжайында жеміс-жидек өсіруді жақсылап меңгеріп алған соң, оны кеңейтуді ойлайды. 7,5 соттық жылыжай шаруашылығы тұрақты кіріспен қамтып тұрғанмен, ол 20 соттық жаңа жылыжай құрылысын  қаржыландыру мақсатында банктер мен қаржылық ұйымдарға баруды әдетке айналдырды. Екі жылға созылған әуре-сарсаңнан түк шықпады, кәсіпкерге барлық жер несие беруден бас тартты.

Осы жылдың көктемінде кәсіпкер ОҚО Кәсіпкерлер палатасына келіп ойымен бөлісті, ондағылар оның идеясын құптады. ОҚО КП жобаларды сүйемелдеу бөлімінің сарапшысы Нұрсұлтан Дүйсенбаев құжаттардың бастапқы пакетін жинауға көмектесіп, «Бизнес-кеңесші» бағдарламасы бойынша білімін жетілдіруге кеңес берді. Кәсіпкерлер палатасында Сұлтанға бизнес-жоспар дайындауға көмек берілді. Нәтиже де көп күттірмеді. Бизнес-жоспарды «Ырыс» шағын несие беру ұйымы мақұлдап, 7 пайыздық жылдық мөлшерлемемен 3 миллион теңге несие берді.

«Мен 12 миллион теңге сұраған едім. Алайда маған бұл шағын несие беру ұйымына алғаш рет келіп отырған адамға 3 миллионнан артық берілмейтіндін айтты. Жақсы несие тарихы қажет», – дейді С.Бәйтереков. Ол несиені уақытылы өтеп, жауапты қарыз алушы атанғаннан соң, келесі жолы көбірек қаражатқа сұраныс бермек.

Жақын күні Палатаға директордың атына кәсіпкерден Алғыс хат келді. Онда кәсіпкер ОҚО КП-ға алғысын білдіріпті.

«Әсіресе сарапшы Нұрсұлтан Дүсембиевті атап өткім келеді. Өте білікті әрі елгезек қызметкер екен, ол «Ырыс» ШНҰ-ның оң шешім шығаруына көмектесті. Енді мен несиені қалай ақылмен алу қажеттігін білемін, осыған орай барлығына берер кеңесім: жеке ісіңізді бастағыңыз келе ме, алдымен Кәсіпкерлер палатасына барыңыз!», – деп жазылыпты хатта.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер