«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шымкентте антибиотиктер дайындалады

2016 жылғы 26 Мамыр
- Шымкент қаласы
15242 просмотров

ОҚО облыс орталығында антибиотик ұнтақтарының асептикалық шашпасын шығаратын «Химфарм» АҚ (SANTO MemberofPolpharmaGroup сауда белгісі) цехы ашылды

Осылайша, Қазақстанда алғашқы рет заманауи, инновациялық жабдықта GMP  халықаралық сапа стандарттары бойынша антибиотиктер шығарып, тұтынушыларды қолжетімді, сапалы, отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін болады.

Жаңа цехте 17 түрлі цефалоспориндер тобындағы антибиотик ұнтақтарының асептикалық шашпасын өндіреді. Антибиотиктер өндірісі стандартты технологиялық процедураларды сақтауды ғана емес, сонымен бірге зарарсыздандыру шарттарын қатаң сақтауды және өнімді туындауы мүмкін контаминациядан да қорғауды қажет етеді.

«Бүгінде біз жаңа антибиотиктер-цефалоспориндер өндірісін ашып отырмыз. Бұл фармацевтикалық сала инновациялық дамудың қозғалтқыш күші екенінің және біздің таңдаған жолымыздың дұрыс екендіктің тағы бір дәлелі. Бүгінгі таңда біздің компания жылына 24 миллионға дейін зарарсыздандырылған антибиотиктер құтысын шығаруға қауқары жетеді. Өндіріс спектріне түрлі антибиотиктер топтары жатады, оған енді цефалоспориндер тобы қосылды. Біздің антибиотиктер Қазақстан мен көршілес елдердің амбулаториялық және стационарлық емдік мекемелерінде пайдаланылады. Еуропалық стандартарға сай антибиотиктер өндіруді іске қосу арқылы өндірілетін өнімдер портфелін кеңейту, сонымен бірге экспортты сатылым көлемін арттыру мүмкіндіктері пайда болды. Біз SANTO сауда белгісінің тұрақты және қарқынды дамыту бойынша тағы бір жоба сәтті жүзеге асқанына мақтанамыз», – деді салтанатты ашылу салтанатында компанияның бас директоры Ижи Урбанец.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров SANTO-ның технологиялық және өнеркәсіптік әлеует бойынша мықты компания болуға ұмтылысы оның халықаралық деңгейдегі имиджін арттыруға септігін тигізіп, Қазақстанның фармацевтикалық нарығында көшбасшылық орнын нығайтуға мүмкіндік беретіне назар аударды.

«Қазіргі экономикалық жағдай бойынша кәсіпорын үшін кадрды қайта даярлау қымбатқа түседі. ОҚО Кәсіпкерлер палатасындағы қызметтердің бір бағыты жоғары білікті кадрларды даярлау болып саналады. Сондықтан, біз бұған дейін «Химфарм» АҚ базасында  фармкластер кәсіпорындары үшін кадрлар даярлайтын оқу орталығын құру бастамасын көтергенбіз. Тәлімгерлер білім алатын ғимарат интерактивті жұмысқа арналған жабдықпен, кітапхана аймағымен және демалыс аймағымен жабдықталған. Орталықтың оқыту бағдарламасы кәсіпорындағы кадрларға деген сұранысқа сай жасалған. Осылайша, біз бірлесе күш салу арқылы фармкалстерге арналған кадрлар даярлау мәселелерін шешудеміз. Адамдар фармкластерде жұмыс жасау үшін қажетті білім алып, осында тәжірибеден де өтеді», – деп айтып берді ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер