«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Неміс тәжірибесі мен жергілікті әлеует ұштасқанда

2016 жылғы 24 Мамыр
- Шымкент қаласы
12463 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы бизнесмендерді «Аға сеньорлар қызметі» бағдарламасына белсенді қатысуға шақырып отыр

1999 жылы құрылған «Амангелді» ЖШС бидай, жүзім, алма, қара өрік, шие, шабдалы секілді түрлі  ауылшаруашылық дақылдарын өсірумен айналысады. Кәсіпорында 200 адам жұмыс жасайды, егін жинау кезінде жұмысшылар саны 500-ден асады. Ауылшаруашылық жер телімінің жалпы ауданы 500 га. Компания өнімі жергілікті және ТМД елдерінің нарығына сатылады. Көкөніс, оның ішінде бақша дақылдарын өсіруді жолға қою мақсатында кәсіпорын басшылығы Кәсіпкерлер палатасына көмек сұрай жүгінген.

Кәсіпкерлер палатасы қолдап отырған жобалардың бірі –  «SES  (Аға сеньорлар қызметі)» бағдарламасы арқылы Германия сарапшыларын тарту. Аталған бағдарлама Германия мен Қазақстан арасындағы тығыз ынтымақтастық аясында шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жұмыс жасайды.

«Амангелді»  ЖШС Германиядан 3 сарапшыны тартуға өтінім берген. Бүгінде 2 сарапшы кәсіпорынға келіп, жергілікті мамандарға іс жүзінде өз білімдерін көрсетіп қайтқан.

«Оңтүстік Қазақстанның топырағы өте құнарлы. Бірнеше бақша қожалықтарында болдым, онда алма, шабдалы, қара өрік, шие және т.б. өсіріледі. Менің пікірімше, егер барлық мүмкіндіктер мен әлеуеттерді жұмсаса, өнімділік көлемін екі есеге дейін арттыруға болады. Мені осында аталған міндеттерді шешу үшін шақырып отыр», – дейді бақша дақылдарын өсірудің маманы Ганс Ван Айден.

Неміс маманы жергілікті агрономдарға да ағаш тамырлары мен жапырақтарын емдеу жөнінде кеңес берді.

«Бағдарламаның мәні әр кәсіпкер ұжымдық біліктілікті арттыру, әлемдік тәжірибеге қанығу, жаңа бизнес ашу және әрекеттегі бизнесті дамыту, рентабельділікті арттыру, Еуропадан жабдықтар әкелу және т.б. мақсатында Германиядан кез келген салада әлемдік тәжірибесі бар маманды шақыра алатынында», – дейді Оңтүстік Қазақстан облысы ӨКП Адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Берік Кенжебаев. «SES» бағдарламасы тарапынан сарапшының екі жаққа ұшып баруы, виза және сыйақы төленеді. Ал кәсіпкер сарапшының жатын орнын, тамақтануы мен күніне 5 еуродан тәуліктік ақы төлесе болды. Жұмыс сызбасы келесідей: кәсіпкер сарапшының келуінен 3 ай бұрын өтінім береді, өтінімде кәсіпорын проблемалары туралы ақпарат беріп, сарапшы міндеттерін жазады. Бұдан ары неміс тарабы тиісті кандидатты іріктеп, оның байланыс нөмірлері жазылған түйіндемесін жібереді. Сарапшы 2 апта немесе тапсырыс берушімен келіскен мерзімге келеді. Қайта келу мүмкіндігі де қарастырылған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер