«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлікті дамыту картасы көмекке келеді

2016 жылғы 29 Сәуір
- Шымкент қаласы
19707 просмотров

Шымкентте «Ontustik Invest – 2016» халықаралық инвестициялық форумында Кәіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы таныстырылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев, картаны таныстыру барысында, Картаның негізгі міндетіне тоқталды. Міндет – өнеркәсіптік мамандандыруды, өңірдің шикізаттық бағытын, инфрақұрылымның бар-жоқтығын және басқа да факторларды есепке ала отырып, өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының инвестициялық әлеуетін анықтау.

Картада бизнестің, ресурстардың, жұмыс күшінің аумақтық орналасуы туралы толық мәлімет берілген. Ол «Атамекен» ҚР ҰКП сайтына орналастырылған және қолжетімді.

Картаны әзірлеушілер, яғни «Атамекен» ҰКП, сарапшылар тобы мен зерттеу орталықтары картаны жасауға кеткен бір жылдың ішінде әр өңірдің барлық ерекшеліктерін ескеруге тырысқан.

«Бұл Қазақстанның 14 облысы мен республикалық мәні бар екі қаласы енген жалғыз карта. Оған әр өңірдің толық талдамалы шолуы мен экономикалық деректері енгізілген. Онда әр ауданның экономиканың дамуына ықпал ететін барлық факторлары: табиғи-минералды ресурстар, логистика, өткізу нарығы, сол өңірде кездесетін кедергілер толығымен талданған сызбасы берілген, тіпті ондағы энергетикалық қуаттылық, ірі, орта, шағын бизнес кәсіпорындары туралы деректерге дейін көрініс тапқан», – деп нақтылай түсті Нұржан Әлтаев.

Шартты түрде айтқанда, Картаны әрекеттегі портал деуге болады. Қазақстаның экономикасына инвестиция салуды көздеген кез келген отандық немесе шетелдік кәсіпкер қандай да бір өңір туралы толымды визуалды ақпаратқа қол жеткізе алады.

«Кәсіпкерлерге инвестицияны мақсатты түрде қайда салуды және қандай да бір өңірде қандай бағыттарды дамыту қажеттігін, өңір бойынша оның әлеуетін, инфрақұрылымын, адами капиталын, қаржыландыруға ашықтығын, өткізу нарығы мен тағы басқа мәліметтерді білу маңызды», – деді «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары.

Осылайша, өңірдегі кәсіпкерлер үшін Карта бизнестегі жол нұсқаушы қызметін атқарады. Ол болашақта бизнес жүргізуді айтарлықтай жеңілдетіп, көпшілігіне бизнестерін жандандыруға ықпал етеді.

Карта мемлекеттік мекемелерге де пайдалы. Ол Қазақстандағы кәсіпкерлікті бұдан да белсендірек дамытуға ненің кедергі болып тұрғандығын, кәсіпкерлікті жандандыру процессін жеделдету мақсатында қысқа және орта мерзімде қандай шаралар қолдануға болатындығын түсінуге көмектеседі. Жергілікті атқарушы органдар үшін Карта бюджеттік шығыстарды, әлеуметтік нысандарды, аумақты абаттандыруды және мемлекеттік қолдау көрсету шараларын жоспарлаудағы бағдар қызметін атқаруы тиіс. Әкімдіктер үшін шетелдік инвесторларды тартуда да пайдаға асады.

ЕДБ мен даму институттарына Карта түрлі жобаларды қаржыландыруда кәдеге жарауы мүмкін.

«Карта, сондай-ақ, тауарды сатып алу және сату, жұмыс пен қызмет көрсету, шикізаттар мен материалдар бойынша өңірлердегі кәсіпорындардың өзара кооперацияларға бірігуіне мүмкіндік береді», – деді Нұржан Әлтаев.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер