«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Мемлекеттік сатып алуда құқық бұзушылық жиілеген

2016 жылғы 12 Сәуір
- Шымкент қаласы
16782 просмотров

ОҚО-да мемлекеттік тапсырыстар саласындағы байқауларға қатысу үшін берілген өтініштерді себепсіз кері қайтару кең таралған құқықбұзушылықтардың қатарына кірді

ОҚО кәсіпкерлер палатасының құқықтың блогының кезекті брифингі өтті. Ол кәсіпкерлердің құқын қорғауға, мемлекеттік тапсырыстар аясындағы құқық бұзушылықтарға арналды.

ОҚО ҰКП бөлімшесінің сарапшысы Талғат Егембердиевтің айтуынша, жыл басынан бері палата бөлімшесіне 24 кәсіпкер мемлекеттік тапсырысты өткізудегі заңсыздықтарға қатысты шағымданып келіпті. ҚР «Мемлекеттік сатып алулар» туралы заңның шығу да бұл заңсыздықтардың алдын алуға қауқарсыз. Заң аясында кәсіпкерлерге мемлекеттік тапсырыстарға қатысу жеңілдетілген еді.

Ең жиі кездесетін құқық бұзушылық өтінішті себепсіз кері қайтару. Тауарды қабылдамау, көрсетілетін қызметтің ақысын уақытылы төлемеу.

Мәселен, шымкенттік «Information Technologies Invest Group» фирмасы мемлекеттік мекемемен компьютер жеткізіп беру бойынша келісімге қол қояды. Жеткізуші компьютерлерді әкеліп берді. Дер кезінде жеткізді. Техникалық талаптарға сай. Бірақ тапсырыс беруші ешбір себебін айтпай, тауарды қабылдап алудан бас тартқан. Осы жағдайдан соң кәсіпкер кәсіпкерлер палатасына шағымданды.  

Сарапшылар барлық құжатты зерттеп болды. ОҚО мемлекеттік тапсырыстардың өтуін қадағалайтын Қаржы қадағалау инспекциясына хат жолданды. Инспекция тексеру жүргізді. Кері қайтарудың себебін таппады. Нәтижесінде тауар қабылданды. Дереу ақысы төленді.

Мемлекеттік сатып алынулар саласындағы тағы бір даулы мәселе әлеуеті жетіп тұрған жеткізуші компаниялардың өтініштерін кері қайтару.

Мысалы, "Optimus Premium ЖШС-і, Бисембаева С. ЖК, Салимбаева Ш. ЖК мектептердегі ыстық тамақты ұйымдастыру байқауына қатысты. Оны Шымкент қалалық білім басқармасы жүргізді. Бірақ олар жеңе алмады. Өйткені тапсырыс берушің өтініштерін себебін еш түсіндірместен кері қайтарады. Ақрында кәсіпкерлер Палатаға көмек сұрай келеді.

Палатаның шағымдануымен ОҚО Қаржы қадағалау инспекциясы осы жағдайларға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жеңіске жеткен басқа қатысушылардың бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды. Осыған байланысты Шымкент қаласының әкіміне ұйғарым жіберілді. Сотқа келісім-шартты бұзу туралы шағым түсті. 

Ұлттық компаниялар қатысатын мемлекеттік сатып алу кезінде де көптеген заңсыздықтар орын алады. Мысалы, АҚ «НАК «Казатомпром» еншілес компанияларының сатып алуларына қатысқан кезде бірнеше кәсіпкер палатаға шағым түсірді. Бұл кәсіпкерлердің байқау өтініштерінің кері қайтуына бір ғана себеп болған. Жинауға тиісті құжаттар арасында салық қарызы жоқ деген құжаттың түпнұсқасы емес, көшірмесі өткізілген екен. Салық кодексі бойынша қарызы жоқ деген құжат тек электронды түрде беріледі. Беретін органның цифрлі қолымен тиянақталады. Яғни, ҚР ҚМ МТК сервері ғана қол қояды. Кәсіпкерлер осылай құжат өткізген.  

Палата ҚР ИДМ индустриалды даму мен өндірістік қауіпсіздік Комитетіне осы жағдайды түсіндіріп беруін өтінді. Комитет байқау өтініштерінің себепсіз қабылданбағанын нақтылады.

Брифингте палата күнделікті мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жасайтыны айтылды. Мониторинг мақсаты – жүйедегі түйткілдерді табу, шешу, кәсіпкерлерге лайықты қатысуға жол ашу, жағдай жасау.

«Мониторинг – тағы да бір кең таралған жағдайды анықтады. Тапсырыс берушінің жылдық жоспарын уақытында веб-порталда жарияламауы, – деп түсіндірді Талғат Егембердиев. – ҚР «Мемлекеттік сатып алулар» заңының 5 бабы 3 тармағы бойынша тапсырыс беруші он күннің ішінде жылдық жсопарын жариялауға тиіс. Жоспар қабылданған соң бес күннің ішінде толық жоспарын веб-порталға жүктейді. Тапсырыс берушілер осы талапты мүлде орындай алмаған. Талдау жұмыстарының құжаттары өкілетті органға – ОҚО Қаржы қадағалау инспекциясына жіберілді. Осы заңсыздықтар бойынша нақты шара қолданылатын болады».

Палата арнайы реестр жасақтады. Онда отандық тауар өндірушілер аттары тізілген. Ол kasipker.info сайтында орналасқан. Сайт күнделікті жаңаланып отырады. Апта сайын жарияланған мемлекеттік сатып алулар туралы мониторинг жасалады. Өндірілген заттар бойынша таңдау жүргізіледі. Отандық тауар өндірушілерге хабарлама жіберіледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер