«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Палатаға сенім артатындардың қатары көбейді

2016 жылғы 26 Ақпан
- Шымкент қаласы
13095 просмотров

ӨКП бизнестің жолындағы әкімшілік кедергілерді, әсіресе дағдарыс кезінде барынша азайту бағытында қарқынды жұмыс істеп жатыр 

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің Шымкенттік филиалында өткен брифингте ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров журналистерге Палатаның кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау туралы жұмысы, әкімшілік кедергілерді жою, өңірде кәсіпкерлікті дамыту жайында айтты. Кәсіпкерлікті дамытуды тежеп отырған басты проблемалар туралы сөз қозғалды.

Бүгінгі күні ОҚО Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлерге олардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау жағынан қажетті қолдау көрсету тетіктері жеткілікті қалыптасқан, нормативтік-құқықтық актілер жобасын сараптау бойынша жергілікті деңгейде де, республикалық деңгейде де жүйелі жұмыс жүргізіледі деп атап өтті ол.

ОҚО Кәсіпкерлер құқықтарын қорғау кеңесі табыспен жұмыс істеп жатыр, оның құрамына облыстың қоғам қайраткерлері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, өңірдің беделді заңгерлері кірген. Бүгінге дейін кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Кеңесінің 11 отырысы өткізілген, оларда 34 мәселе қаралған, оның ішінде 25-і бизнестің пайдасына шешілген, ал 11-і – қаралу үстінде.

Кәсіпкерлердің 309 шағымы Палатаға өткен жылы түскен, олардың 128-і кәсіпкерлер пайдасына шешіліп, бизнесмендердің 677 млн. теңге қаржысын үнемдеуге ықпал етті. Ал екі жыл ішінде – 1 млрд. теңгеден асады. Мұның бәрі – негізсіз салынған салықтар, өсімақылар, егер кәсіпкерлер Палатаға шағым жасамағанда, оны төлеуге мәжбүр болар еді.

Биылғы жылдың екі айының өзінде Палатаға ШОБ-тың 109 субъектісі келіп, құқықтары мен мүдделерін қорғауды өтінді. Олардың жартысына жуығы кәсіпкерлердің пайдасына шешілді, бұл бизнестің 157 млн. теңгесін үнемдеп қалды. Қалған шағымдар қаралуда. Шағымдардың саны өсе түскені бір ғана нәрсені – Палатаға сенімнің артқанын және проблемаларды шешу үшін соған баратынын дәлелдейді.

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жұмысын Палатаның заңгерлері де, сондай-ақ, ОҚО прокуратура органдарымен өзара ынтымақтаса отырып жүзеге асырады. Олармен бірлесіп кәсіпкерлердің рұқсатнама ресімдерін және мемлекеттік қызметтерді алу кезіндегі бүкіл проблемалық тұстары талдаудан өтті. Талдау көрсеткендей, бизнестегі негізгі кедергілер жер пайдалану құқығын және бизнес-нысандар құрылысына рұқсат алу кезінде пайда болады. ОҚО облыстық прокуратурасының 14 ауданды тексеруі жер пайдалану  құқығы және құрылыс саласындағы құқықбұзушылықтардың 3000-нан астам фактісін анықтады.

Бизнестің құқықтарын бұзу фактілеріне жедел жауап қату үшін Кәсіпкерлер палатасы 2 жобаны іске қосты. Бұл мемлекеттік органдармен және табиғи монополиялар субъектілерімен қарым-қатынас тобы және «Бизнеске арналған жедел жәрдем» жобасы. Бұл екі жоба да, ең алдымен, кәсіпкерлердің шағымдарын барынша жедел қарауға және оларға құзыретті органдар арасында ұзақ хаттар алмасу ресіміне уақыт кетірмей тиімді көмек көрсетуге бағытталған. «Мысалға, бір кәсіпкердің проблемасы санаулы минуттарда шешілді, соның нәтижесінде ол аса ірі айыппұлдан құтылды, – дейді Асқар Әбубәкіров. – Шымкент қаласындағы сән салонының иесі шұғыл телефонға қоңырау соғып, салондағы құбырды ауыстыру кезінде су есептеуіштің пломбасы жұлынып кеткенін хабарлады. Су арнасының бақылаушысы 250 мың теңге айыппұл жазып береді (бұл шаштараздың бір айлық табысының жартысынан асады). Біз салон иесіне жедел көмек беріп, су есептеуіш құралдағы пломбаның байқаусызда жұлынғаны үшін айыппұл төлеуден алып қалдық. Соның нәтижесінде айыппұл қалалық су арнасының ескертуіне ауыстырылды. Проблеманы шешуге бар-жоғы 15 минут жұмсалды!».

ОҚО-да қазір жергілікті өндіріске капиталын салған шетелдік қатысушылары бар көптеген компаниялар жұмыс істейді. Олардың 50-ден астамы ірі компания. Алайда, олар бәрі бірікпей, әркім өз проблемасын өзі шешеді. Сол себепті Палатада Президент жанындағы Кеңеске ұқсайтын Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды, ол шетелдік капитал қатысқан өңірлік компаниялардың проблемаларын  көтерумен айналысады. Олар шетелдік бизнеске қиындық туғызатын дертті нүктелерді табумен шектеліп қалмайды. Міндет анағұрлым кең – проблемалар мен тосқауылдарды жою, сол арқылы облыстың инвестициялық ахуалын жақсарту, өңірге қосымша шетелдік инвестицияларды тарту. Кеңес құрамына 20-дан астам шетелдік компания кірді.

Бизнесті қаржылық емес қолдау мәселесіне келсек, бүгінгі күні облыстың барлық 14 ауданында Палатаның кеңесшілері бар, олар жобаларға көмек көрсетеді және ақыл-кеңес береді. Айталық, 2015 жылы 6 191 адамға 14 386 консультация берілген. Жобаларды сүйемелдеу нәтижесінде екінші деңгейлі банктер, шағыннесиелендіру ұйымдары және т.б. арқылы 3, 402 млн теңге сомасында 594 жоба қаржыландырылған.

Палата Өңірдің даму картасын құру жөніндегі жұмысты аяқтады, ол өңірдің әлеуеті, қолда бар инфрақұрылым, кадрлық әлеует, тарихи мамандану, пайдалы қазбалар және жұмыс істеп тұрған өндірістер жайында көрнекі көрініс береді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер