«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жылдам тамақтану кафесі – бизнестің тиімді түрі

2016 жылғы 12 Ақпан
- Шымкент қаласы
16736 просмотров

Сарыағаш ауданындағы көп балалы ана КҚО арқасында кафе ашты

Бес баланың анасы, кәсіпкер Гүлжан Тағаева «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасының қолдауымен жеке бизнесін ашуға мүмкіндік алды. Бұған дейін ол маусымдық жұмыстармен, жазда бақша өнімдерін өсірумен айналысып, қыста өз туыстарының жылыжайында еңбек еткен.

Дәмді ас әзірлеуге икемді келіншек өз ісін бизнеске айналдыру мақсатымен Кәсіпкерлерді қолдау қорына барып жүгінеді. Онда оған кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрету, болашақ жылдам тамақтану кафесінің бизнес-жоспарын жасау, жобаны қаржыландыру үшін «Халық банкіне» жіберу секілді қызметтердің толық түрін көрсетті. Бастаушы кәсіпкер 14 пайызбен 7 миллион теңге көлемінде жеңілдікпен несие алды, оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды.

«КҚО-да мен «Даму» қорының кепілдігімен Бірыңғай бағдарлама іске қосылғаннан бері қарыз сомасының 85 пайызына дейін артқанын алғаш рет біліп отырмын. Мен несие сомасының 15%-ына тең қаржы жинап, ол ақшаны депозитке салсам болды екен»,– дейді Гульжан Тағаева.

КҚО мамандарының түсіндіруінен кейін ол бұл бағдарламаның кепілдік қамсыздандыруды қажет етпейтінін, ал бұл өз кезегінде үлкен көмек екенін түсінді. Себебі ол сияқты стартапшылардың қолында активтері жоқ.

«Мен дұрыс нарық таңдағаныма қуанып отырмын, – дейді кәсіпкер. –  Сарыағаш аудандық КҚО маманы Жандос Әзімбайға айтар алғысым зор, себебі дәл осы жылдам тамақтану кафесін ашу жобасын қолға алуыма көндірген де сол.  Мен өз кафемді әскери бөлімше маңынан аштым, ал онда жұмыс жасайтын 3 мың қызметкер, оның ішінде әскери қызметкерлер,  келісімшартпен жұмыс жасайтын қызметкерлер, іс-сапармен келгендер тез, сапалы әрі қымбат емес үй тамағын қажет етеді. Мен бұл үшін жақсы жағдайлар жасадым».

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 10 жұмыс орны құрылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер