«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Білім беру саласына бизнес баға беретін болады

2016 жылғы 03 Ақпан
- Шымкент қаласы
13498 просмотров

2017 жылы жұмыс берушілер студенттерге тәжірибеден өту үшін жұмыс орындарын беруге міндеттеледі

Білім беру туралы жаңа заң жобасына осындай түзетулер енгізілген. Алайда барлық кәсіпкерлер кадрларды даярлау жұмысына ақша төлеуге дайын емес және осындай іс-шараны лажсыздан қабыл алды.

Үлкенірек компанияларға ұзақ мерзімді болжамдар жасау қиынға соғады. Ал шағын және орта кәсіпорындар иелерінде осыған мүлде қаражат жоқ. Бизнесмендердің пікірінше тәлімгерлердің еңбегін төлеу мәселесін реттейтін заңнамалық тетіктер қажет. Бұл тақырып қазір Шымкент қаласында өтіп жатқан кәсіпорындардың тәлімгерлері мен шеберлері үшін арнайы өткізіліп жатқан семинарда белсенді түрде талқылыну үстінде.

«Германиядағы мектептің түлегі болашақ кәсібін таңдаған кезде жоғары оқу орнын емес, оны оқытуға алатын кәсіпорынды іздеуден бастайды. Егер де бітіруші өткізілетін әңгімелесуден сәтті өтсе кәсіпорын онымен шарт жасап, студенттің оқуын төлейді», – дейді Трир (Германия) қаласы Қолөнер палатасындағы жоба жетекшісі Альберт Овер. Неміс елінде қызмет ететін әріптесіміз Германияның қосбағытты оқыту бағдарламасы туралы айтып берді: мысалы, Германияда аталмыш бағдарламалар екі жылдан бастап үш жарым жылға дейінгі мерзімде жүзеге асырылуы тиіс екен. Білім алушы теориялық курстан кәсіби мектептерде өтетін болса, тәжірибелік дағдыларды кәсіпорында игереді екен. Емтихандарды неміс елінің түлектері теориядан да, тәжірибеден де тапсырады.

Біздің қазақстандық заң жобада осыған ұқсас жаңалық енгізілмек. Мысалы, техникалық және кәсіби білім беру саласында аттестацияның орнына аккредитацияны енгізу жоспарланған. Бизнес білім беру саласына тәуелсіз баға береді деп жоспарлануда. Кәсіпкерлердің тырысулары босқа кетпеуі үшін жаңа заң жобасына сәйкес мемлекеттік грант бойынша оқуын аяқтаған түлектер өз мамандығы бойынша кем дегенде үш жыл жұмыс істеп болуы тиіс.

Семинарда пікірталас өндірістегі тәлімгерлердің мәртебесі мен олардың рөлі төңірегінде болды. Қазіргі кезде бұл ұғым кәсіби білім беру немесе еңбек саласына қатысты ешбір құжатта заң жүзінде бекітілмеген, бірақ тәлімгерлер - көптеген заманауи кәсіпорындардағы кеңінен таралған лауазым, көптеген ірі қазақстандық ұйымдар осындай қызметкерлерді даярлауға ерекше назар аударады, тиісті құжаттарда оларға талаптар бекітеді.

Семинарда өндірістік оқыту барысында туындайтын қиындықтар да, сондай-ақ, ҚР қосбағыт бойынша білім беруге қатысты жол картасын жүзеге асыру барысында да туындайтын қиыншылықтар белсенді талқыланды. Тәлімгердің өндірістегі және білім беру ұйымындағы өндірістік оқытумен айналысатын шебердің міндеттері, құқықтары мен мақсаттары қалай ерекшеленеді? Тәлімгер кәсіби білім беру саласына қалай ықпал етеді? Тәлімгерге федералды деңгейде тиісті талаптарды бекітетін нормативтік құжат болуы тиіс пе? Адамның, қызметкердің тәлімгер болуға қатысты ынтасы қандай болуы тиіс? Кәсіпорын, мемлекет тарапынан оны ынталандыруға бағытталған қандай іс-шаралар қолданылуы тиіс? Тәлімгерлерді даярлау ісінің ерекшеліктері қандай? Оларды оқыту үшін арнайы бір бағдарламалар әзірленіп, қабылдануы керек пе? Тәлімгерді аттестациядан өткізу (біліктілігін сертификаттау) рәсімі керек пе? Осы сұрақтарға семинар қатысушылары жауап беруге тырысты.

Шетелдік және қазақстандық тәжірибеге жасалған талдау  тәлімгердің негізгі міндеттері – студентті ынталандыру, оқытудың оң атмосферасын қалыптастыру, жұмыс орнында қауіпсіздік пен білім беру ортасының жоғары сапасын қамтамасыз ету екендігін көрсетті.

Семинардың қорытындысы ретінде семинар қатысушылары емтихан тапсырады, семинарды сәтті аяқтаған қатысушылар халықаралық деңгейде танылатын Трир қаласының кәсіптік палатасының сертификатын алады.

«Кәсіби және еңбек педагогикасы. Шеберлігі жоғары тәлімгерлерді аттестациядан өткізу» атты семинар ҚР ҰКП мен Трир қаласының Кәсіптік палатасы бірігіп жүзеге асыратын Қазақстандағы қосбағытты оқытуды дамыту жөніндегі жобаны жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер