«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жергілікті құрылыс өнімі тапсырыс берушілердің көз алдында тұруға тиіс

2016 жылғы 22 Қаңтар
- Шымкент қаласы
14187 просмотров

Оңтүстік Қазақстандағы құрылыс материалдарын өндірушілер құрылыс компанияларына өнімдерін таныстырды

Жергілікті тауар өндірушілер сұрыпталымын шығарып қана қоймай, өнімдерінің шетелдік аналогтарды қалай алмастыра алатынын көрсетті. Кездесуге құрылыс және жобалау компаниялары, дизайнерлер, құрылыс департаменттерінің басшылары, бір сөзбен айтқанда, ғимараттар, құрылыстар және күрделі жөндеу жобаларын қалыптастыруда құрылыс материалдарына тапсырыс берушілер шақырылды.

Облыста шығарылатын өнім сұрыпталымы көлемді болып шықты әрі стандартты цемент, шифер немесе кірпішпен шектеліп қалмайды. Оның арасында травертин, фибробетон, иілгіш тас та, пластикалық декоративтік панельдер, құрғақ құрылыс қоспаралары, полиуретаннан жасалған сәндік бұйымдар, базальтты плиталардан және пенополистеролдан жасалған толтырғышы бар сэндвич-панельдер де, базальтты плиталар, кафель желімі, тегістегіш, сылақ, төсеме бояу, бетонға арналған аязға қарсы арнайы қоспа, цементті-құмды жабынқыш және көптеген басқалары бар.

«Бүгінде облыста негізгі құрылыс материалдарының және конструкцияларының 50-ден астам түрі шығарылады, құрылысқа арналған жабдықтар, бұйымдар мен конструкциялар шығаратын 30 ірі және орта кәсіпорын мен 125-тен астам цех әрекет етеді, - дейді ОҚО КП директорының орынбасары Мақсат Қасымбеков. - Бірақ, Палата жүргізген талдау көрсетіп отырғандай ОҚО-да құрылыс бұйымдарының импорты өңір қажеттілігінен 80% құрайды. Мәселен, полимерден жасалатын тұсқағаздар мен жабындар толығымен сырттан әкелінеді - 100%, бояулар мен лактар - 89%, мәрмәр, травертин мен алебастр және олардан жасалатын бұйымдар - 92%, плиталар, табақтар, үлдір, фольга, полимер материалдардан жасалған таспа 57% әкелінеді.

Дей тұрғанмен, ОҚО құрылыс материалдарының алуан түрін өндіруге қажет шикізат көлеміне ие әрі оңтүстік-қазақстандық өндіріс құрылыс салушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қабілетті.

«Құрылыс жобаларын құру процедурасы барынша нақтыланған. Ережеге сай, тапсырыс беруші бюджеттің барлық бөлімдерін жазуға тырысып, белгілі бір компаниялардың нақты өнімін көрсетеді. Құжаттамаға жергілікті емес өндірушілер де жиі жазылып жатады», - деп бөлісті иілгіш тас өндіретін «Ekam stone» ЖШС директоры Гүлнара Жолдыбаева.

Түйткіл жергілікті өндірістердің шетелдіктен артта қалуында да емес, жобалау құжаттарын жасау тәсілінде де болып отыр. Мердігерлік компания жобаны алған соң онда жазылған талаптардан шегіне алмайды және құрылыста жобада көрсетілген өндірушілер материалдарын қолдануға тиіс.

Өкінішке орай, жобалаушыларда құрылыс материалдарына мониторинг жүргізуге және Ресейде өндірілетін сапалы аналогтарды іріктеуге мүмкіндік жоқ. Сондықтан да ОҚО Кәсіпкерлер палатасы осындай кездесу ұйымдастыра отырып, бір ғана мақсатты ұстанды, ол – жергілікті құрылыс саласындағы барлық лайықты өнімдердің тапсырыс берушілер мен орындаушылар көз алдында болуы үшін, бұрыннан келе жатқан ережелерге өзгеріс енгізу.

Презентация аясында Палатада баға саясаты мен келешекте жеткізу шарттарын жасауды талқылауы  үшін мердігер құрылыс және жобалау ұйымдарының өндірушілермен В2В кездесулері өтті. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер