«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Гипсті қалайша берік әрі арзан етуге болады?

2015 жылғы 10 Желтоқсан
- Шымкент қаласы
15130 просмотров

Неміс сапаршысы шымкенттіктерге құрғақ құрылыс қоспалар әзірлеуді үйретті

Өндірілетін гипс сапасын жақсарту және құрылыс материалдының өзіндік құнын төмендету – шымкенттік «АсылТас-Альянс» фирмасының қызметін бастағаннан бері шешімін ойластырып келе жатқан мәселелер.

Кәсіпорын 2005 жылы құрылған. Мұнда гипс және құрғақ құрылыс қоспарларын өндірумен айналысатын 30 қызметкер жұмыс жасайды. Компания шығаратын құрылыс материалы сатып алушылар арасында жақсы сұранысқа ие. Дей тұрғанмен, фирма бір орында тұрып қалмай, үнемі жетіліп отырады. Сондықтан да ОҚО Кәсіпкерлер палатасына «SES – аға сарапшылар қызметі» бағдарламасының аясында Германиядан сарапшы тартуға сұраныс жасады.

Палата шақыруымен Шымкентке құрылыс материалдарының рецептураларын дайындау саласында кең білім мен тәжірибеге ие неміс сарапшысы Манфред Акстинант келіп жетті. Ол екі апта бойы «АсылТас-Альянс» компаниясында гипс және ангидрид негізіндегі құрғақ құрылыс қоспалары сапасын жақсартумен айналысты.

Доктор Манфред Акстинант - Оңтүстік Африка, Танзания, Швейцария, Пәкістан, Мексика, Босния-Герцеговинада болып, салмақты шетелдік жұмыс тәжірибесін жинақтаған жан.

Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жұмыс жасайтын “SES” (Аға сарапшылар қызметі) бағдарламасы бойынша Германиядан сарапшылар тарту бағдарламасына бүгінде ОҚО-да 1000-нан астам ШОБ өкілі белсене қатысады және 1000-нан астам жоба өткізілген. Бағдарламаның мәні әрбір кәсіпкердің Германиядан, кез-келген саладан қызметкерлердің біліктілігін көтеру, әлемдік тәжірибе алу, жаңа бизнесті іске қосу және әрекеттегіні дамыту, тиімділікті көтеру және басқа да міндеттерді орындау үшін (Еуропадан жабдық іздеу және жеткізу және көптеген басқалары) сарапшы шақыра алуында болып отыр.«Жергілікті жердегі істің ахуалына талдау жүргіздік, - дейді сарапшы. – Гипс, сылақ, тегістегіш, тұтастырғыш қоспалар, желімнің түрлері базасында жаңа рецептуралар ұсындым. Дайын өнім сапасына да талдау жүргіздік. Енді гипс және ангидрид өндіретін шахта жасақтау бойынша консультация беріп жүрмін».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер