«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сұранысқа ие бизнес

2015 жылғы 30 Қараша
- Шымкент қаласы
14987 просмотров

Жергілікті кәсіпкерлер Оңтүстік Қазақстан облысындағы балабақшалар тапшылығының орнын толтыруға көмектесуде

Бизнесмендер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында жеңілдікті кредиттер ресімдеп, жеке меншік балабақшалар ашуда. Еліміздегі халқы ең тығыз орналасқан облыстың барлық аудандарында балабақшаға деген сұраныс өте зор. Сондықтан да олар халық арасында аса танымал.

Төлеби ауданындағы Аққұм ауылындағы жалғыз балабақша «Нұргүл-айға» жақында ауылдың кішкене ғана 40 тұрғыны жол тартпақшы. Қожайыны кәсіпкер Нұржан Қарабалаев балалар бақшасын кеңейтуге 9 миллион тенге алды.

2014 жылы Нұржан 60 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесін аша отырып, балабақша сыйымдылығына қарағанда, баласын бергісі келетін ата-аналардың әлдеқайда артық екеніне көзін жеткізді. Содан, жергілікті Кәсіпкерлерді қолдау орталығына жүгінді. КҚО сарапшысы Бағдат Төлегенов оған жан-жақты консультация беріп, Халық банкке құжаттарын жинастырып жолдады. Осыдан соң кәсіпкер 4 пайызбен кредитке мақұлдау алды. Қалған 10 пайызды мемлекет субсидиялайтын болады.

Кәсіпкер тұрғызған балабақша ғимараты мектепке дейінгі балаларды оқыту және физикалық тұрғыдан дамыту жөнінен, мазмұны жағынан барлық талаптарға жауап береді: ашық әрі кең ойын бөлмелері, ыңғайлы жатын бөлмелер, жаңа жабдықтар қойылған асханалар, ойын алаңдары. Сонымен қатар жан-жағындағы аумағы абаттандырылған және көгалдандырылған.

«Төлеби ауданы Кәсіпкерлер палатасының консультанттарына сүйемелдеуде, жалпы аталмыш жобаны ашуда көрсеткен көмегі үшін үлкен алғыс айтамын.  Былтыр «БЖК-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша арманыма қол жеткізіп, балабақша аштым. Бұл бағдарламаның талаптары ойластырған жобамды жүзеге асыруға көмектесті», - депті хатында кәсіпкер.

«Мен үшін бастысы мектепке дейінгі білімнің сапасы және балаларға лайықты түрде күтім жасау. Ата-аналар балаларының сенімді де мейрімді қолда екенін біліп жүрсе деймін».


Еншілес ұйымдар

Серіктестер