«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнесті кеңейтуге берілген жеңілдікті кредит

2015 жылғы 02 Қазан
- Шымкент қаласы
15149 просмотров

КҚО ауылдық кәсіпкердің қаржыландыру алуына көмектесті

Оңтүстік-қазақстандық кәсіпкер Манзура Жамалова Мақтаарал ауданының Кәсіпкерлерді қолдау орталығына «Игі істер бюросы» деген ат қойды.

«Сыпайы қарсы алып, кәсіби түрде консультация беретін, бизнесіңе сай мемлекеттік бағдарлама тауып беретін, банк үшін барлық шарттар мен құжаттарды жылдам дайындап, жобаңды толық сүйемелдейтін мекемені басқаша қалау атауға болады. Және де осының бәрі тегін!», - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкер ханым Кәсіпкерлерді қолдау орталығына алғаш рет биылғы жазда, иелігінде әрекеттегі мақта тазарту зауыты бола тұрып, жүгінген болатын. Зауыт қуаты бір маусымда 300 тоннадан астам өнімді қайта өңдеуге мүмкіндік береді. Бірақ іс жүзінде зауыт халықтан тек 200 тонна өнім қабылдайды. Мақтаны көп көлемде сатып алуға айналымдық қаражат қажет болған. «Рамазан» ЖК директоры Манзура Жамалова КҚО-ға сол үшін де келген болатын.

«Кәсіпкерге консультация және басқа да қызметтермен бірге Халық банк өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, жобаны толық сүйемелдеу жасалды. Банк өтінімді «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасының аясында 8,8 миллион теңге мөлшерінде жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы бойынша мақұлдады. Жылдық 14 пайыздың 10 пайызын банкке мемлекет төлейтін болады», - деді Мақтаарал ауданы КҚО консультанты Талғат Бапаев.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер