«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Металл прокатына жеңілдікті кредит

2015 жылғы 15 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
15218 просмотров

Сарыағаш кәсіпкері Қайрат Жүсіпов Кәсіпкерлерді қолдау орталығы мамандарының арқасында бизнесін кеңейтуге жеңілдікті кредит алды

Оның компаниясы «Теміртау-құрылыс» ЖШС 2007 жылдан бері металл прокатын шығарумен айналысады және жеке құрылыс материалдары базары бар. Шығарылатын өнім тізбесі біршама көлемді: металл табақ, профильдік құбыр, швеллер, арматура, дәнекерленген тор және басқа да металдан жасалған өнімдер. Өнім негізінде құрылыс ұйымдары арасында сұранысқа ие.

Осы жылдың наурыз айында айналымдық қаражатты толықтыру мақсатында ол КҚО мамандарына жүгінді. Мұнда консультация беріліп, «Сбербанк» өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды және жоба толығымен сүйемелденді. Сарыағаштық кәсіпкердің өтінімін банк жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы бойынша мақұлдады. Комиссия бизнес-жобаны қарап шығып, бизнес-жоспарда ұсынылған деректердің инвестицияның табыстылығы және жоба төңірегіндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету тұрғысынан жоба беріктігінің қорына куә болатынын атап өтті.

Кәсіпкердің «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 60 миллион теңге мөлшерінде кредит алуға берген өтінімі мақұлданды. Енді жылдың 14 пайыздан 10 пайызды банкке мемлекет төлеп тұратын болады.

«Аталмыш жобаның әлеуметтік аспектісі – бұл, әрине, жаңа жұмыс орындарын құру, сонымен қатар облыс бюджетін салық және басқа да аударымдармен толықтыру», - деп атады ОҚО Сарыағаш ауданы КҚО маманы Әзімбай Жандос. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер