«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жеңілдіксіз «жеңілдікті» жанар-жағармай…

2015 жылғы 11 Қыркүйек
- Шымкент қаласы
15983 просмотров

Оңтүстік Қазақстанның ауылшаруашылық өндірушілері жеңілдікті ЖЖМ бөлудің әрекет етуші жүйесінің тиімсіздігіне шағымдануда

ОҚО Кәсіпкерлер палатасында өткен жиналыста ауылдық кәсіпкерлер жеңілдікті дизельдік отыннан мүлдем бас тартуға дайын екендерін мәлімдеп, жанармайға кететін шығындарын тікелей субсидиялауды ұсынды.

Үстіміздегі жылдың көктемінде ОҚО Кәсіпкерлер палатасы облыстағы барлық аудандарда көктемгі-күзгі далалық жұмыстарға бөлінген жеңілдікті ЖЖМ бөлінуінің сапасы мен ашықтығын талдауға тиіс болған мониторингілік топтар құрған болатын. Бұл топтар арзандатылған дизельді отынды жіберу кезінде көптеген бұзуларды анықтап, мынадай ұнамсыз қорытынды жасады: жеңілдікті жанармайды бөлудің қолданыстағы жүйесі тиімсіз!

Механизм мынадай: алдымен бейіндік министрлік ЖЖМ бөледі, сосын биліктің жергілікті атқарушы органдарына береді, әкімдіктер операторларды тағайындайды, ал олар жанармайды өңірлерге жеткізуге тиіс. Ең үлкен құпия дәл осы операторларды таңдауда жатыр.

Кәсіпкерлер палатасы екі жыл бойы облыстағы Ауыл шаруашылығы басқармасынан операторды анықтайтын және іріктеу критерийлері мен қажет құжаттар тізбесі және т.б. толық жазылған нақты реттемені ала алмай жүр.

ОҚО Кәсіпкерлер палатасының алға қойып отырған мақсаты – адамдар кімге, қанша бөлінгенін, кімге қанша берілгенін көру үшін, операторларды іріктеу механизмін, әкімдіктер арқылы жанармай бөлуді ашық ету.

«Арзандатылған отын — бұл түйткіл болды», - деп назаланады ауылдықтар. - «Операторлар облыс орталығында отыр. Әдетте ол операторлардың ештеңесі жоқ, бәрі де – қоймалар, көлік жалға алынады, сондықтан да шығындар жеңілдікті ЖЖМ бағасын нарықтық бағаға теңестіреді».

Шаруалар шығындарын есептей келе, бұл жағдайдың жыл сайын қайталанып отырғанын айтты. Мемлекет отынға деген жеңілдікті қалай қолдаса да, іс жүзінде қымбат болып шығады.

Палатаға шенеуніктердің бастамаларынан көңілі қалған ауылшаруашылық өндірушілерден ондаған ұжымдық өтініш келіп түсті. Мәселен, отырарлық ауылшаруашылық өндірушілер оператор болып Отырар ауданында авто құю бекеті жоқ және тасымалдау үшін өздерінің қымбат тұратын бензин тасығыш машиналарының қызметін таңатын компаниялардың тағайындалатынына шағымданды.

Ауылшаруашылық тауар өндірушілердің бірнеше рет облыс орталығына баруына тура келген, бұл ақырында 1 литрі 74 теңге тұратын жеңілдікті солярканың осы көктемде 81 теңгеге түсуіне алып келді. Ал бұл ешқайда шықпастан, ауданда құйып алуға болатын дизельдік отынның нарықтық құнына тең деуге болады. Осылайша, мемлекеттік көмек идеясының өзі құнын жоғалтып отыр.

«Оператор ретінде аудандық кәсіпкерлерді тартуға болмады ма?»  – деген орынды сұрақ қояды ауылдықтар.

Анықталғандай, облыстың бес ауданында жергілікті кәсіпкерлер жеткізуші ролін өздеріне толығымен ала алады. Мәселен, бір ғана Бәйдібек би ауданында 13 АҚБ қызмет етеді және олардың кез-келгені сол жерде жеңілдікті ЖЖМ таратуды ұйымдастыра алады.

Бір қызығы, Ауылшаруашылық басқармасы жиналысты елемеді. Жеңілдікті мұнай өнімдерін бөлуші жергілікті атқару органдарының бірде-бір өкілі төбесін көрсетпеді.

ОҚО КП әкімшілік кедергілерді төмендету жөніндегі департамент басшысы Тимур Нақыпбеков кездесу қорытындыларын түйіндей отырып, түйткілді мәселені жүйелік қарастыру және шешу үшін ауылдықтар үшін арзандатылған дизельдік отынды жеткізуге операторларды іріктеудің нақты, ашық критерийлерін анықтап, жеткізушілерді іріктеу реттемесін қабылдау қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар оператор есебінде барлық қажет ресурстарға ие әрі жеңілдікті жанармайды жеткізуге тілек білдірген аудандық авто құю бекеттерінің де қатысуын қамтамасыз ету керек. Дизельдік отынды жеткізу жөніндегі операторлар міндеттемелерін шарттық негізде бекіту қажет.

Кәсіпкерлер палатасы ауылшаруашылық өндірушілер арасында ЖЖМ бөлу процесіне тұрақы мониторинг жүргізіп тұрады. Айтылған ұсыныстар «Атамекен» Ұлттық палатасы Орталық аппаратына жолданады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер