«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қазақстанның үздік тауары: Сапа бедел белгісі ретінде!

2015 жылғы 28 Тамыз
- Шымкент қаласы
12026 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» - Оңтүстік Қазақстанның өндірушілері бұдан былай тауарларына соғылған осындай таңбамен заңды түрде мақтана алады

Көрме-байқау мыңдаған қалалықтар мен облыс тұрғындарының басын қосатын орынға айналды.

ОҚО 70-тен астам кәсіпорны шығаратын жүздеген тауар «Көрме» орталығында қалалықтарға ұсынылды. Олардың арасында «ВизИТ», «Бал текстиль», «Назар текстиль», «Карлскрона», «Стандарт цемент», «Ордабасы құс», «Шымкентқұс», «Барыс-2007», «Golden Nomad», «KazKioti», «Еврокристалл», «Казмедприбор» және басқалары бар. бұл жолы шағын бизнес өкілдері де өздерін таныстыра алды. Биылғы жылғы экспозицияның ерекшелігі өңірде бұрын өндірілмеген көптеген жаңа өнімдердің пайда болуы еді. Бұл «иілгіш» тас, осында құрастырылатын тракторлар, экологиялық балалар ойыншықтары және басқалары. Байқауға алғаш рет 26 жаңа компания қатысты.

Көрмеде көптеген дүниелер алғаш рет орын алды – жетекші компаниялардан шеберлік сабақтары, «ОҚО тауар өндірушілерінің каталогы» жинағының презентациясы. Аталмыш жинаққа оңтүстік-қазақстандық 200-ден астам компания кірді және ОҚО Кәсіпкерлер палатасы жинақты арнайы осы беделді байқауға арнап басып шығарды.

Барлық тілек білдірушілер Оңтүстік Қазақстан кәсіпорындарының өнімінің дәмін тата алды – ірімшіктер, шұжықтар, сүт өнімдері, нан және басқа да пісірілген өнімдер, кәмпиттер мен лимонад. Келушілер атап өткендей, бәрі де керемет сапасымен әрі дәмімен ерекшеленді. 

Қаланың мыңнан астам тұрғыны мен қонағына, сонымен бірге «ЭКСПО-2017» нысандары басшылығы мен бас мердігерлеріне, облыстағы жетекші кәсіпорындар, сауда желілері мен республикадағы дистрибьюторлық компанияларға өңірлік номинациялардағы үздік компанияны тікелей дауыс беру арқылы анықтау және таңдау мүмкіндігі берілді.

Осы жылдан бастап «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ал өңірлік көрме-байқаулар ұйымдастырушылары облыстық Кәсіпкерлер палаталары атанғанын еске саламыз. Байқаудың мақсаты – кәсіпкерлік қызметті белсендіру, отандық өнім сапасын көтеру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы әрі бәсекеге қабілетті өніммен молықтыруға жәрдемдесу, халық арасында сапа идеясын дәріптеу.

Сараптау комиссиясы байқауға қатысушыларды негізгі критерийлер – өнім сапасы және бәсекеге қабілеттіліктері бойынша бағалап, үздіктердің үздігін таңдады.

«Халыққа арналған үздік тауар» номинациясында фитошайлар, косметикалық майлар, биологиялық қоспалар мен медициналық дәрі қораптары желісін шығаратын «Планта» ЖШС жеңімпаз атанды.

1 дәрежелі «Үздік өндірістік тауар» атағына бірегей жоғары технологиялы медициналық жабдықтар мен медициналық жиһаз шығаруға маманданған «Қазмедприбор» ЖШС лайықты болды. «Үздік азық-түлік тауары» номинациясында балықты қайта өңдеумен айналысатын «Хамит» ауылдық тұтынушылық кооперативі жеңіп шықты.

Көрмеге қатысушылардың дауыс беруімен анықталған өңірлік номинацияларда үздік атанғандар: "Халық таңдауы" – «КZ өнер» ЖШС (меринос жүнінен жасалған өнім), «Жыл серпіні» - «Ekam-stone» ЖШС (өнімі – иілгіш тас), «Жылдың бренді» – "Визит" алкогольсіз сусындар зауыты, «Әлеуметтік маңызға ие стартап» - "Көгершін" ЖШС (медициналық протездер шығару).

Жеңімпаздар Астанада өтетін республикалық «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауына қатысу құқына ие болады.

Көрме күні бойы жалғасты және күні бойы келушілерді концерттік бағдарлама, лотерея ұтысымен және құнды сыйлықтармен қуантты. 

«Бүгін байқауға Ұлттық банк әрекетінен туындаған қаржылай қаражат жетіспеушілігін бастан өткерген, Ресейдегі бәсекелестермен түйткілдерге ұшыраған оңтүстік-қазақстандық өндірушілер қатысты. Бірақ бұған қарамастан, бизнесмендер жұмыс жасап жүр әрі сапалы өнім шығарады», - деп атады ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Жеңісбек Дулатов. – Ал бизнес-сектордың табыспен дамуы – бұл қашан да қосымша жұмыс орындары, өндірістерді модернизациялау, инвестициялар тарту, экономиканы сауықтыру және еуропалық, әлемдік экономикалық кеңістікке интеграция».

ОҚО Кәсіпкерлер палатасы «Қазақстанның үздік тауары» атағының жаңа келісімшарттар, іскер серіктестер іздеуде көмектесетін өзінше бір сапа белгісі, компанияның келбетіне, тұтынушылар үшін өнім, қызметтер таңдаудағы басты белгіге, сонымен қатар оңтүстік-қазақстандық өнімдерді ішкі ғана емес, сыртқы нарықтарға өркендетудің ажырамас бөлігіне айналарына сенеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер