«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Палата қытайлық инвесторларды тартты

2015 жылғы 24 Шілде
- Шымкент қаласы
15353 просмотров

Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасында Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесу өтті

Кездесуде ОҚО Кәсіпкерлер палатасы, қытайлық тарап өкілдері («Джун-Цзынь» ЖШС) және Кентау қаласы әкімдігінің арасында кендерді байыту және полиметалл концентраттарды өндіру фабрикасы құрылысы жобасын жүзеге асыру жөніндегі үш жақты меморандумға қол қойылды. Жоба құны – 5 млн доллар.

«Қытайлық тарап Палата қолдауымен Кентау үшін соншалықты маңызды жобаны жүзеге асыруда алғашқы қадамдарын жасап та қойды. «Джун-Цзынь» ЖШС өкілдері фабрика салатын орынды анықтады және өнімді өткізудің ықтимал бағдарларын айқындады. Жобаны толығымен жүзеге асыру Кентаудың 200 тұрғынын тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді» - деп атады ОҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Дулатов Жеңісбек.

«Джун-Цзынь» ЖШС бас директоры Ма Вэйдунның айтуынша, инвесторлар жер қойнауларына ғана емес, адами капиталға да қызығып отыр. Қала кәсіпқой металлургтарға бай – бұл көп жылдық тәжірибеге ие сала ардагерлері мен Кентау көп салалы колледжінің кешегі күнгі түлектері.

Ма Вэйдун полиметалл концентраттарын өткізу мәселелері жайлы сөз қыла келіп, қазақстандық ірі компаниялармен, сонымен қатар «Қазақмыс» Корпорациясымен де өнім жеткізу жайлы алдын ала келісулер бар екенін атап өтті. Компания болашақта Қазақстан аумағында басқа да бірқатар жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олар да жүздеген жаңа жұмыс орындарын құруды болжайды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер