«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Тимур Құлыбаев: «Қазақстандық мазмұнды арттыру жөніндегі жұмыс белсендірілсін»

2015 жылғы 20 Наурыз
- Шымкент қаласы
12402 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 2015 жылды Өңірлер жылы деп жариялаған болатын, сондықтан да жер-жерлердегі жұмыстарға, жергілікті мазмұнды қолдануға және жобаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылмақшы. Бұл туралы Шымкентте өткен ОҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаев хабарлады.

Былтырғы жылдың қараша айынан бері Оңтүстік Қазақстан облысында экономиканың басымдылықты салаларында алты кластерді ұйымдастыру жөніндегі жұмыс қарқынмен жүріп жатыр: тамақ, жеңіл, фармацевтикалық, машина жасау өнеркәсіптері, құрылыс материалдары және туризм салалары.

Сонымен қатар, ОҚО-да 2015 жылғы 1 маусымға дейін Өңірлік даму картасы қалыптастырылатын болады.

«Ұлттық палата Даму картасына енетін жобаларды барынша қолдайды, - деп атады Тимур Құлыбаев. - Оңтүстік Қазақстанда бизнес-белсенділік жоғары болғандықтан, жобалар да аз болмайды деген ойдамын. Оңтүстік-қазақстандық кәсіпкерліктің жұмыс тәжірибесі бірнеше мәрте аталды және еліміздің басқа аудандарында үнемі үлгіге алынып отырады».

ҰКП Төралқасы Төрағасының болжамдары мына деректерге негізделген, яғни ИИДМБ бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 184 млрд теңгеге 137 жоба енгізілген, шамамен 11 мың тұрақты жұмыс орны құрылған. ИИДМБ екінші бесжылдығында (2015-2019 жж.) 990 млрд теңге сомасына 74 жобаны жүзеге асыру жоспарланған, сонымен бірге 16,8 мың тұрақты жұмыс орны және құрылыс кезінде 11,9 мың жұмыс орны құрылмақшы.

ОҚО республикада Индустрияландыру картасының аясында жүзеге асырылатын жобалар саны жөнінен көшбасшы болып табылады. ҚР барлық жобалардың 23 пайызы – оңтүстік-қазақстандық.

«Екінші бесжылдықта жұмыс оңайға түспейді, сондықтан да, экономиканың нақты салаларына ерекше назар аудара отырып, өңірдің өзгешелігін, шикізаттық мүмкіндігін, нарықтық өткізуді, еңбек ресурстары мен кәсіпорындар дағдыларын ескеру қажет. Сонымен қатар, 11 ақпанда Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев үлкен көлемдегі "Қазақстанда жасалған" науқанына бастау берген болатын, - деп атады ҰКП Төралқа Төрағасы.

ҰКП Төралқа басшысы бүгінде сауда желілерінің жергілікті тауар өндірушілермен қарым-қатынасын жақсарту жөніндегі жаһандық міндеттің алдымызда тұрғанын баса көрсетті. Жақында ғана ҰКП шағын және орта бизнесті дамыту және сауда комитеттерінің бірлескен отырысында ірі сауда нысандарының өкілдері біршама тығыз ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдіре отырып, сонымен бірге өнімді жеткізу ырғақтылығы, тауар жарнамасы, біршама тартымды орама болуы сияқты талаптарды алға тартқан еді.

«Кәсіпкерлік сектордың мақсаты - өз сатып алушысының көңілін жаулап алу және әрекеттегі интеграциялық одақтар жағдайында ішкі нарықтағы өз орнына сеніммен жайғасу, - деп мәлімдеді Төралқа Төрағасы. - Бұны бүгіннен қолға алғанымыз маңызды, себебі көптеген кәсіпорындар, мысалы, рубльдің қатты арзандап кетуіне орай ресейлік нарықта қиындық шегуде, және де олар баға мәселелерінде бәсекелесе алмайды. Біз теңгені ресейлік валюта бойынша теңестіруге құқылы емеспіз, себебі бұл жағдайда экономиканың басқа да салалары залал шегеді. Оның үстіне, жергілікті валютаны қолдау үшін мемлекетте қор бар», - деп түсіндірді Тимур Құлыбаев.

Тимур Асқарұлы сонымен қатар мемлекеттік сатып алуларда жергілікті жерде өндірілген тауарларды қолданудың экономика дамуындағы қозғалтқыш болатынын атады. Ұзақ мерзімдік шарттар жасасу жолымен қазақстандық мазмұнды ұлғайту жөніндегі жұмысты белсендіру қажет. Осы бағыттағы ҚР ҰКП мен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен мақсатқа бағытталған бірлескен жұмысы отандық өндірушілердің қатаң бәсекелестік жағдайына даярлануына мүмкіндік береді.

Отырыс барысында оңтүстік-қазақстандық кәсіпкерлерге ерекше жиі ұшырасатын түйткілдер де талқыланды: электр энергиясының жоғары тарифі, теңге өтімділігінің тапшылығы, жоғары жол тарифтері, жер мәселелері, ауылдық жердегі кредиттік қаражат жетіспеушілігі, шетелде тауарды өркендету қиындықтары және басқалары. Тимур  Құлыбаев барлық мәселелерді ҰКП Төралқасының отырысында талқылауға және олардың шешілуін жеке бақылауына алуға уәде берді.

Дәл сол күні Түркістанда ҰКП Төралқа Төрағасы ОҚО-дағы барлық тілек білдіргендерді «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытатын он төртінші «Бизнес-мектеп» ашылуына қатысты. Ол облыс әкімдігі бизнес-мектептер жасақтап, ал Кәсіпкерлер палатасы оларда ісін бастаушы бизнесмендерді қолдаудың бейқаржылық шараларын жүзеге асыратын мұндай тығыз әрекеттестіктің сөзсіз нәтижелі жеміс береріне сенім білдірді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер