«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

20 жылдық тәжірибесі бар «Grand Miks» жиһаз фабрикасы

2018 жылғы 22 Тамыз
- Шымкент қаласы
10436 просмотров

«Қазақстанның үздік тауары» аймақтық көрме-байқауының жеңімпазы республикалық байқауда да жеңіске жететіне сенімді.

Түркістан қаласының «Гранд-Микс» жиһаз фабрикасы өнімдері Шымкенттегі орта бизнес компаниялары арасында «Халық тұтынатын ең үздік тауарлар» номинациясы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» аймақтық байқауында үздік болып танылды.

Өз тарихын кәсіпорын 20 жыл бұрын, 4 адам жұмыс жасайтын кішігірім цех ретінде бастаған. Жыл өткен сайын өндіріс өркендеді. Мемлекеттік қолдаудың арқасында компания өндірілген өнімдердің ассортиментін арттырып, нағыз жиhаз фабрикасына айналды.

2016 жылдың қазан айында Түркістанның индустриалды аймағында 6 мың шаршы метрлік сақтау орны бар, 2 мың шаршы метрден астам өндірістік цех ашылды. Зауыт аумағында  ламинадты тақтайшалар шығаратын цех салуға мүмкіндік болды, ол үшін мемлекеттік бағдарлама арқылы қол жеткізілген 500 млн теңгеден астам сомаға өндіріс машиналары мен жабдықтар алынды.

Бүгінгі күні зауыт Қазақстан Республикасындағы ірі өндіруші, ал «Гранд Микс» атауы халықаралық трендтерді қолдайтын жиһаз өндірісі саласында брендке айналды. Жиһаз өндірісі саласында Гранд Микс қалада және тұтастай республикадағы жиһаз сәнінің заңды шығарушысы болып саналады. Зауыттың қызметкерлері шын мәнінде бірегей дизайнерлік жиһаздың керемет коллекцияларын жасап шығаруда.

«Біздің өндірісте тек жоғары сапалы материалдарды қолданамыз», – дейді Гранд Микс басшысы Сабыржан Исхаков. – Тапсырыс беруші немесе сатып алушы әрдайым жиһаздың неден жасалғанын толық біле алады. Тек қауіпсіз материалдар мен технологияларды пайдаланамыз. Мысалы, пластикті пайдаланатын материалдардың технологиялық талаптарына жақсы жауап беретін экологиялық таза дисперсиялық желім. Жұмсақ жиһаз және ас бұрыштары үшін бетін қаптауға арналған маталар әлемдік үрдіске сәйкес келеді».

Зауытта өндірістің технологиялық үдерісі де сақталынады. Әрбір өнім барлық кезеңдерден өтеді: материалды аралаудан жиақтауға дайін және дайын өнімді орау. Зауыттың барлық цехтары заманауи жабдықтармен жұмыс жасайды.

Бүгінгі таңда «Грандмикс» жиһаз фабрикасының өнімдері тұтынушылар арасында үлкен сұранысқа ие. Қажетті компоненттер Ресей мен Польшадан жеткізіледі. Кейбір бөлшектер тікелей цехта өндіріледі. Зауыттың шеберлері шетелдік компаниялармен тәжірибе алмасады. Мысалы, былтырғы жылы Германиядан келген мамандар отандық ағаш өңдеудің заманауи әдістерінде жергілікті мамандарды дайындады. Нәтижесінде сапалы өнім көлемі артты.

Қазір жиһаз фабрикасы түрлі жиһаздың 200-ден астам түрін жасап шығарады. Бүгінгі таңда зауыт Ресей, Белоруссия, Қытай және Қазақстаннан 30-дан астам дилерлер мен 40 жеткізушілермен жұмыс істейді.

Компанияда әрбір клиентке, ол көтерме сатып алушы болсын, дилер немесе қарапайым клиентке жеке көзқараспен қарайды. Кәсіпорындағы басқару жүйесі үздіксіз дамып келеді және ең тиімді сенімді шешімдерді шығармашылық ізденіске қабілетті команда құруға бағытталған. Гранд Микс жиһаз фабрикасы әрқашан тұтынушының мүддесіне және оның қажеттілігін зерттеуге бағытталған. Маркетологтар, дизайнерлер, конструкторлар, жобалаушылар өз жобаларын әлемдік жиһаз өндірушілерінің тәжірибесіне сүйеніп және нарықтық зерттеулердің нәтижесін мұқият талдай отырып жасауда. Жиһаз тәжрибелік үлгілердің тұтас сериясын тексергеннен кейін өндіріске енгізіледі. Сондықтан ақаулары бар модельдер жоқтың қасы.

Бірақ компания табысының сыры - бұл ауқымды тапсырманы жүзеге асыруға қатыса алатын қызметкерлерінің болуы. Зауыт директорының пікірінше, ең маңыздысы бүгінгі күні 150 адам жұмыс жасайтын және бұл үшін спорттық және шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылып отырылатын бірлескен топ,  корпоративтік рухты тәрбиелеу. Жұмыста ерекшеленген қызметкерлерге қаржылық сыйақы да беріледі. Бұдан басқа, еңбек қорғаудың барлық шарттары сақталып, қызметкерлер санаторлық-курорттық емделуден кейін өз денсаулығын жақсарта да алады.

«Ең бастысы – әрдайым өндірістік тонуста болу, жаһандық трендтерді қадағалап, экономиканың осы бір кішігірім саласын дамыту. Бұл отандық өндірушінің зор әлеуеті туралы бүкіл елге жариялауға мүмкіндік береді», – деп санайды Grand Miks.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер