«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Есептеу-бақылау құрылғыларын орнатуды тезедету қажет

2018 жылғы 17 Сәуір
- Шымкент қаласы
4641 просмотров

Кәсіпкерлер палатасы және Салық органы қызметкерлері жанар-жағармай материалдарымен жұмыс істеушілерге қазірден бастап  еспетеу-бақылау құрылғыларын орнатуды бастауды  ұсынды

ОҚО-да жұмыс істейтін 567 жанар-жағармай құю бекетінің тек 77-і бүгінгі күні еспетеу-бақылау құрылғыларын орнатуға дайын. Бұл туралы ОҚО Кәсіпкерлер палатасы мен Облыстық мемлекеттік кіріс департаментімен бірлесе өткізген жанар-жағармай құю станцияларының және мұнайды сақтау қоймалары иелерімен өткен кездесуде айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі биыл 1 қаңтардан бастап мұнай базалары мен жанар-жағармай құю станцияларында еспетеу-бақылау құрылғыларын орнату туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл мұнай өнімдерінің көлеңкелі айналымын бақылау және алып тастау үшін жасалды. Алайда, көптеген бизнес субъектілері мұндай жаңалыққа дайын болмады. ҚР«Атамекен» ҰКП-ның белсенді қатысуымен есепке алудың бақылау аспаптарын орнату мерзімі ұзартылды. Облыс орталығында сонымен қатар облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан жанармай құю бекеттерінде орнату мерзімі 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартылды. Ауылдық жерлерде, ауылдық округтерде және шекара аудандарында орналасқан жанармай құю бекеттерінде орнату мерзімі – 2021 жылдың 1 қаңтарына дейін шегерілді.

Облыстық салық органдары қызметкерлерін белгіленген күнге дейін жарты жылдан аз уақыт қалғанына қарамастан, еспетеу-бақылау құрылғыларын орнатуға бүгінгі күнге дейін барлық ОҚО жанармай құю станцияларының тек 13 пайызын ғана дайын екені алаңдатады.

ОҚО Мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдері енді есепке алудың бақылау аспаптарын орнатуды қазірден  жеделдетіп бастауды ұсынды. Палата сарапшысы М.Е. Исаева еспетеу-бақылау құрылғыларын уақтылы орнатпаған жағдайда енгізілетін әкімшілік жауапкершілік туралы түсіндірді. Шағын кәсіпкерлік субьектілері үшін айыппұл мөлшері – 225 АЕК,  орта кәсіпкерлік – 350 АЕК, ал ірі кәсіпкерлікке – 800 АЕК көлемінде салынып, қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болып табылатын мұнай өнімдері және құқық бұзушылық нәтижесінде алынған кірістері де тәркіленеді.

«Еспетеу-бақылау құрылғыларының өзі және бағдарламалық қамтамасыз етуі қымбат тұрады. Еспетеу-бақылау құрылғыларын жабдықтауға кететін шығындардың болжамды көлемі жанар-жағармай өндірушілердің жыл сайынғы пайдасынан асып түседі. Осыны ескере отырып және есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға мемлекеттік қолдаудың қарастырылмағандығын ескеріп, кәсіпкерлер мен жеткізушілерге тиімді баға ұсыныстарын талқылау үшін Палатаның сұхбат алаңынан пайдалануды ұсынамын.  Сонымен қатар, Палата жанынан Көлік, логистика және жанар-жағармай материалдарын басқару комитеті жұмыс істейді, – деді Палата сарапшысы Майя Исаева.

Кездесуде барлық жеткізушілердің баға ұсыныстары тыңдалып, жанар-жағармай құю бекеттерінде және мұнай базаларын есептеу-бақылау құрылғыларыме жабдықтау кезінде көптеген техникалық мәселелер талқыланды.

ОҚО Кірістер департаменті ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұсынысымен еспеке алудың бақылау аспаптарын 9 ресми  жеткізуші-делдалдары, яғни, «Консорциум S&P»,  «Soft Oil Service» ЖШС, «Эмерсон», «Залла Строй», «ESN», «SBI Engineering», «AVKO Trade House», «АлтайСпецИзделия» ЖАҚ, «Krohne» компаниялары қызметтерін пайдалануды ұсынды. Алдын-ала есептеулерге сәйкес, есепке алу аспаптарымен жабдықтау құны 4 резервуар үшін – 2 млн теңге, 5 резервуар –2 500 000 теңге, 6 резервуар – 2 900 000 теңгені құраған, бұл монтаждау және іске қосу, құрылыс және дәнекерлеу жұмыстарына жұмсалатын шығынды есептемегендегі шығын мөлшері.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер